Меню

Страницы

Статья

Жер қатынастары

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1 бабына сәйкес «Глубокое ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ жер қатынастарын реттеу саласындағы уәкілетті орган болып табылады.

Жер балансына сәйкес 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Глубокое ауданының жер қоры 729 929 гектарды құрайды.

«Глубокое ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ Мемлекеттік тізілімге сәйкес 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 10 мемлекеттік қызмет көрсетеді (ЭҮП – 7, МО - 3).

2021 жылдың 4 айында бөліммен 289 Мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету қолданыстағы заңнамаға, стандарттар мен регламенттердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлім қызметінің негізгі бағыттарының бірі пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау болып табылады. 2019-2020 жылдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша 1723 гектар жайылымдық алқапта 16 телім бойынша жер пайдаланушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, соның негізінде жалдау шарттары ерікті түрде бұзылды. Бұл учаскелер Глубокое ауданының арнайы жер қорына ауыстырылды.

2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша бұл жұмыс та жалғасуда және халықтың елді мекендерге жақын жайылымдық жерлерге мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында 795 гектар жайылымдық алқаптағы 7 телім арнайы жер қорына ауыстырылды.

Дата публикации
23 февраля 2021
Дата обновления
23 февраля 2021
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Шешім
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
13 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы