"Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2025 жылы "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Березовка ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ мемлекеттік қызмет көрсетеді: Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу; жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату; жер учаскесін алу үшін кезекке қою ; кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту фактілері болған жоқ.
"Е-Лицензиялау" МДҚ арқылы 2 өтініш келіп түсті , "сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу", сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу, оның ішінде жеке тұлғалардан-2.
Мемлекеттік қызметтер "Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңында бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес көрсетіледі. Қызметтер баламалы және баламасыз негізде көрсетіледі.
"Березовка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат әкімдік ғимаратының дәлізінде орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жабдықталған. Интернетке қосылған компьютер, сканер, веб.камера, құлаққап, принтер бар. "Әділет" АҚЖ, e-Gov сайттарымен жұмыс істеген кезде азаматтарға көмек көрсету үшін әкімдік маманы бекітілді.
Электрондық нысанда, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы, "Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі" веб – порталы арқылы-464 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында ауылдық округ әкімінің аппаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылды (стандарттар, көрсетілетін қызметтердің атауы және оларды көрсетуге жауапты тұлғалар, жұмыс кестесі, өтініш үлгілері, шағымдар журналы). Осыған ұқсас ақпараттар Березовка ауылдық округі әкімдігінің сайтында "Мемлекеттік қызметтер көрсету " бөлімінде орналастырылған.
Тұрақты негізде халық арасында электрондық мемлекеттік қызметтерді алудың артықшылықтарын түсіндіретін брошюралар, парақшалар, буклеттер таратылады, 98 басылым ауылдық округ әкімінің сайтында орналастырылған.
Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында әкім аппараты (семинарлар, БАҚ, "Instagram" әлеуметтік желісінің платформасында және мемлекеттік органның ресми сайтында мақалалар жариялау) түсіндіру іс-шараларын өткізу, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтау жөніндегі жұмыстар жалғастыратын болады.
2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.