Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының 9-бабының 1-2 тармақтарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындау.
- Кенттер, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары қажет болған жағдайда үйжануарларынсеруендетугеарналғанорындардыжабдықтаудықамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глубокое ауданының әкімі Э.Тумашинов