Глубокое ауданы Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында орналасқан, 1964 жылы құрылған. Глубокое ауданы Ертіс өзенінің оң жағалауында орналасқан, Шемонаиха, Ұлан аудандарымен және Алтай ауданымен, Өскемен және Риддер қалаларымен шектеседі.
Аймақ аумағы 7,2 мың га құрайды.
Ауданда 36 елді мекен бар, оның ішінде: 2 кент және 34 ауыл. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 26/215-VIII қаулысымен және шешімімен Карагужиха кенті Малоубинка ауылдық округінің Малоубинка ауылының құрамына енгізілді. Аудан 17 ауылдық округ пен кенттен тұрады. Әкімшілік орталығы-Глубокое кенті, 9,8 мың тұрғыны бар, бұл аудан халқының 17,8% құрайды.
01.11.2026 жылға халық саны 55,1 мың адамды құрады.
Экономиканың негізгі саласы түсті металлургия болып табылады, ағаш өңдеу, жеңіл, тамақ өнеркәсібі де дамыған.