Халықтың көші-қоны – тұрғылықты жерін ауыстыруына байланысты аумақ шекарасы арқылы (елдер, өңірлер, облыстар, аудандар және т.б.) адамдардың (көшіп-қонушылардың) қозғалысы.
Көшіп-қонушы – көші-қон үдерісіне қатысушы тұлға. Әрбір көшіп-қонушы кеткен аумағына қатысты алғанда кетуші және келген аумағына қатысты алғанда келуші болып табылады.