Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес Глубокое аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 16 наурызда өткен Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде 2025 жылғы 17 наурызда Глубокое ауданы, Ертіс ауылдық округінің әкімі ретінде
1967 жылы туған, Ертіс ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарған, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Прапорщиков ауылының тұрғыны Жұмағұлов Ерлан Камчибаевичті тіркеді.
Глубокое аудандық аумақтық сайлау комиссиясы