ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі О. Анафиннің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы брифингке арналған тезистері

Құрметті журналистер!

Құрметті көрермендер!



Бүгін біз сіздерді Қазақстандағы аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік
қолдау жөніндегі шаралар туралы хабардар еткіміз келеді.

Аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек бәріне мәлім.

Қоғамда дегенмен, оны ұсыну тетігі туралы сұрақтар әр кезде көтеріліп
отырады. Бүгінгі брифинг аясында атаулы әлеуметтік көмек көрсету
шарттары туралы егжей-тегжейлі айтып, келесі жылға арналған жоспарлар
туралы айтуға тырысамыз.



Слайд 2

Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға
атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) беріледі.

АӘК өмірдегі қиын жағдайдан шығару үшін отбасына кешенді қолдау
көрсетуді көздейді.

Біріншіден, бұл 2 түрге жіктелген ақшалай төлем: шартсыз және шартты
ақшалай көмек.

Еңбекке қабілетсіз азаматтары бар отбасыларға шартсыз ақшалай көмек
көрсетіледі және олар үшін жәрдемақы алу үшін жұмыспен қамту
шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.

Шартты ақшалай көмек отбасы құрамында кемінде бір еңбекке қабілетті
мүшесі жұмысқа орналасқан отбасыларға беріледі.

Екіншіден, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар.

АӘК тағайындаудың барлық кезеңіне отбасымен әлеуметтік келісімшарт
жасалады. Келісімшартты бұзу бүкіл отбасына АӘК төлеуді тоқтату және
келесі алты айда АӘК тағайындаудан бас тарту үшін негіз болып
табылады.

Үшіншіден, аз қамтылған отбасылардан шыққан 1 жастан 6 жасты қоса
алғанға дейін әрбір балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш (2024 жылы 5
538 теңге) мөлшерінде қосымша төлем беріледі.



Слайд 3

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2019 жылы АӘК беру тетігі
ашықтықты, әділдікті, еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ету үшін қайта
қаралды.

Осылайша, 2023 жылы АӘК-ті жалпы сомасы 57,4 млрд. теңгеге 114,1 мың
отбасы немесе 598,4 мың адам алды.

11 айдың қорытындысы бойынша АӘК алушылар саны 411,3 мың адамды немесе
77,6 мың отбасын құрады.

Анықтама үшін: шартсыз ақшалай көмек алушылар 96,2 мың адамды немесе
АӘК алушылардың 23% (23,1 мың отбасы), шартты ақшалай көмек алушылар -
334,9 мың адамды немесе 81% құрайды (58,8 мың отбасы).

Мемлекеттік бюджеттен 36,2 млрд. теңге төленді.

Бұл ретте, біз АӘК алушылар санын жыл сайын төмендегенін байқаймыз.



Слайд 4

Өңірлер бөлінісінде АӘК алушылардың ең көп саны Түркістан облысында –
20,3%, Шымкент қаласына – 11,3%, Қызылорда – 8,2%, Алматы – 7,9%,
Жамбыл облыстарына – 7,5% және Жетісу облысына – 7,0% тиесілі.

Яғни, барлық алушын 62,2%-ы елдің аталған оңтүстік өңірлеріне тиесілі.

Барлық алушының 55,5% қалалық жерлерде (228,3 мың алушы), ал 45%
ауылдық жерлерде (192,3 мың алушы) тұрады.



Слайд 5

Әлеуметтік мәртебе бөлісінде АӘК алушылар арасында ең көбі балалар –
бұл 273,9 мың адам немесе 66,6%. Басқа санаттар бойынша:

- 14,3% - өтініш берген кезде жұмысы бар (58,9 мың адам);

- 12,2% - балаларға, мүгедектігі бар адамдарға, қарттарға күтім
жасайтын адамдар (50,1 мың адам);

- 3,9% - студенттер (16 мың адам);

- 1,4% - жұмыссыздар (5,6 мың адам);

- 0,6% - мүгедектігі бар адамдар (2,5 мың адам);

- 0,2% - зейнеткерлер (1 мың адам);

- 0,8% басқа да санаттар (3,3 мың адам).



Слайд 6

АӘК алушылардың құрылымында көп балалы отбасылар басым. Олар АӘК
алушылардың жалпы санының шамамен 51%-н құрайды.

Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштерге байланысты (халықтың жоғары
тууы және тығыздығы) аз қамтылған көпбалалы отбасылардың 68,7%-ы
Шымкент қаласында – 11,2%, Түркістан қаласында – 25,8%, Алматы
қаласында – 9,2%, Қызылорда облысында – 8,1%, Жамбыл облысында – 7,7%
және Жетісу облысында-6,7% шоғырланған.



Слайд 7

АӘК-тің басты мақсаты еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамту
шараларына тарту, еңбекке ынталандыру арқылы кедейлік шеңберінен
шығару болып табылады.

Мәселен, ағымдағы жылы шартты ақшалай көмек алушылар қатарындағы 97,5
мың еңбекке қабілетті АӘК алушының 59,4 мыңында жұмысы бар, 32,5 мыңы
күтім жасайтын адамдар, 5,7 мыңы жұмыссыздар.

Әлеуметтік келісімшарт енгізудің нәтижесінде 16 мың еңбекке қабілетті
адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.

Бұл ретте жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларында негізінен тұрақты
жұмыспен қамту басым екенін атап өткен жөн.

Мәселен, есепті кезеңде:

11,2 мың адам немесе 70% тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды;

3,5 мың адамға немесе 22%-ға уақытша жұмыспен қамту шаралары
көрсетілді, оның ішінде: 2,8 мың адам – қоғамдық жұмыс орындарына; 0,5
мың адам – әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды; 204 адам –
жастар тәжірибесіне жіберілді.

426 адамға (2,5%) – кәсіпкерлік бастама бойынша жәрдем көрсетілді.

300 адам (1,9%) – біліктілікті арттыру, қайта даярлау және қайта оқыту
курстарына жіберілді.



Слайд 8

2023 жылы аз қамтылған отбасыларға кешенді қолдау көрсету бойынша
қабылданған шаралардың нәтижесінде өткен жылы АӘК алушылар қатарынан
54,3 мың адам мұқтаждық шегінен шықты.

Ағымдағы жылы кедейлік жағдайынан шыққан адамдар саны
52,5 мың адамды құрады.



Слайд 9

Сіздің назарыңызға өз ісіңізді ашу және жасалған әлеуметтік
келісімшарт шеңберінде тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасудың
бірнеше мысалдары келтірілген.

Азаматша А. Диханбаева 2021-2023 жылдар кезеңінде АӘК алып отырды.
2024 жылы «Дизайнерлік перделерді тігу және модельдеу бойынша ателье»
бизнес-жоспарын қорғап, өз ісін ашу үшін 1 476,8 мың теңге сомасына
грант ұтып алды.

Азаматша Гельд Х. 2019 жылдан 2024 жылға дейін АӘК алып отырды.
Ағымдағы жылдың тамыз айында «Бизнес Бастау» бойынша оқудан өтіп, 1
476,8 мың теңге сомасына грант ұтып алды. Бизнес-жоспарға сәйкес, ол
гранттық қаражатқа «Маgic cake» наубайханасына жабдық сатып алды.
Қазір тапсырыс бойынша бәліштерді, торттар мен кондитерлік өнімдерді
дайындайды.

Азаматша Р. Ахмечанова 2023-2024 жылдары АӘК алды. 2024 жылы ол Мансап
орталығының жолдамасы негізінде қалалық ауруханада персоналды басқару
қызметінің маманы ретінде тұрақты жұмысқа орналасты.

Слайд 10

Өздеріңіз білетіндей, 2023 жылы Отбасының цифрлық картасы (ОЦК) іске
қосылды, ол 84 өлшемшарттар негізінде отбасыларды әл-ауқат деңгейі
бойынша бөледі.

Отбасының цифрлық картасынан алынған деректері негізінде мемлекеттік
органдар мен әкімдер өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму
бағдарламаларын әзірлеу үшін өңірлердегі ахуалды талдай алады.

Ағымдағы жылы отбасылардың әлеуметтік әл-ауқат деңгейінің
көрсеткіштері бойынша Отбасының цифрлық картасындағы мәліметтері
негізінде «D» және «E» санаттарындағы отбасылар санын азайту бойынша
әкімдердің рейтингі енгізілді.

Бұл жұмыс әкімдерге мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде осы
азаматтарды өзектендіру бойынша жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.

Анықтама үшін: МӘМС жүйесімен қамтудың болмауы, мектепке дейінгі
балалар мекемелеріне, орта білім беру ұйымдарына тіркелу; NEET
жастарының санын азайту, ДК, ШҚ, ФҚ және басқалар ретінде тіркелген
адамдардың қорларға аударымдар жүргізу және т.б.

Әкімдер мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп отбасыларды дағдарыс
және мүшкіл (D, Е) санаттарынан неғұрлым қолайлы санаттарға ауыстыру
жөнінде шаралар қабылдайды.

ОЦК мәліметтері бойынша 2024 жылғы 1 тамызға дағдарыс және мүшкіл
санатындағы отбасылардың саны 1 592,9 мың отбасыны құрады. Ағымдағы
жылғы 17 желтоқсандағы жағдай бойынша бұл контингент 1 355,8 мың
отбасына (жоспар бойынша 1 472,1 мың отбасы) немесе 15% - ға дейін
төмендетілді.



Слайд 11

Әлеуметтік кодекске сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘК
тағайындау үшін кедейлік шегі халықтың медиандық кірісінен (бұдан әрі
– МК) айқындалатын болады.

Ағымдағы жылы Министрлік Ұлттық статистика бюросымен бірлесіп,
Отбасының цифрлық картасының деректері негізінде тоқсан сайынғы
медиандық кіріс мөлшерін есептеді.

Жүргізілген есептеулер нәтижесінде кедейлік шегі медиандық кірістің
35% деңгейінде, бірақ қолданыстағы деңгейден төмен емес, яғни өңірлік
ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде айқындалды.

Кедейлік шегін анықтау кезінде медиандық кірісті енгізу АӘК мөлшерінің
азаюына алып келмейтінің атап өту маңызды. Сонымен қатар, АӘК алушылар
саны 755 отбасына немесе 3,8 мыңнан астам адамға өсуі болжануда.

Осылайша, бұл тәсіл медиандық кірісті қолдануға көшуге, сондай-ақ
көрсетілетін көмектің қолданыстағы көлемін сақтауға мүмкіндік береді.



Слайд 12

Сондай-ақ, 2025 жылы Министрлік алдында қойылған негізгі міндет
учаскелік комиссияның қызметін цифрландыру болып табылады.

АӘК тағайындау кезінде учаскелік комиссиялар отбасының материалдық
жағдайына жүргізілген тексеру негізінде АӘК көрсету қажеттілігі туралы
қорытынды шығарады. Бүгінгі таңда бұл зерттеу қағаз түрінде
жүргізіледі және қол қою үшін ұйымдастырушылық шараларды қажет етеді.

Осылайша, тексеру жүргізу кезінде формальды тәсілді болдырмау және
автоматтандыру мақсатында учаскелік комиссиялар үшін FSM Social
мобильдік қосымшасы әзірленді.

Мобильді қосымшаны пайдалану кезінде учаскелік комиссияның мүшесі
отбасының материалдық жағдайы бойынша барлық деректерді оған енгізеді,
алдын ала қорытынды шығарады және учаскелік комиссияның басқа
мүшелеріне қол қоюға жібереді.

Бүгінде мобильді қосымшаны апробациялау бойынша пилоттық жоба Алматы
облысының Қонаев қаласында өтуде.

2025 жылдың қаңтарынан бастап бүкіл ел бойынша мобильді қосымшаны
енгізу жоспарлануда.

Мобильді қосымшаны енгізудің артықшылығы:

- геолокацияны анықтау (өтініш берушінің нақты географиялық орны);

- жедел шешім қабылдау және қорытынды шығару рәсімін оңайлату;

- зерттеу жүргізу және шешім шығару кезінде формальды тәсілді алып тастау.



Слайд 13

Сондай-ақ, ағымдағы жылғы 7 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында
Мемлекет басшысы нақты мұқтаж азаматтардың жиынтық кірістері мен
шығыстарын айқындауды ескере отырып, халыққа әлеуметтік көмек көрсету
тетігін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Осы тапсырманы орындау үшін Әлеуметтік кодекске түзетулер әзірленді,
олар Үкіметтің қарауына жіберілді.

АӘК тағайындау кезінде АӘК тағайындау қажеттілігін айқындау
өлшемшарттарын мынадай өлшемшарттармен толықтыру ұсынылады:

тұрғын үй және (немесе) жеңіл автокөлік сатып алу;

отбасының әрбір мүшесіне айына бір ең төмен күнкөріс деңгейінен жоғары
мөлшердегі ипотекалық қарызды қоспағанда, банктік қарыздарды және
(немесе) микрокредиттерді ресімдеу;

жиынтығында отбасының әрбір мүшесіне айына кедейлік шегінен асатын
адамның (отбасының) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларының
болуы;

ипотекалық депозитті қоспағанда, бір отбасына 200 АЕК-тен астам
мөлшердегі жинақ салымының, депозиттің болуы.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘК-ке үміткер адамдардың келісімін ала
отырып, азаматтардың шығыстарын есепке алу тетігін сынақтан өткізу
пилоттық жобасын іске қосу жоспарлануда.

Өтініш беруші АӘК алу үшін уәкілетті органға жүгініп, пилоттық жобаға
қатысуға өтініш береді. Осыдан кейін өтініш берушінің отбасы құрамына
кіретін барлық кәмелетке толған адамдарға жеке телефон нөмірлеріне
1414 нөмірінен sms-хабарлама жіберіледі, оған олар бір жұмыс күні
ішінде жауап беруге тиіс.

Ақпарат алу өтініш берушінің келісімі бойынша және мемлекеттік
органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылатының
айта кету керек.

Сөз соңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің атынан
еліміздің барлық тұрғындарын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтауға
рұқсат етіңіз. Жаңа жыл әрбір отбасына амандық, бақыт пен байлықты
әкелсін.

Назарларыңызға рахмет!

Слайд
Дата публикации
30 декабря 2024