Глубокое ауданы Белоусовка кенті әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 6599, дауыс беруге қатысқаны – 4040 (61,22%).
Сайлау қорытындысында Мерзликин Николай Петрович – 295 (7,39%), Ташниченко Анатолий Анатольевич – 3328 (83,45%), Тимофеева Алена Владимировна – 306 (7,67%) дауысқа ие болды. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 59.
Дауыс беру нәтижесі бойынша «AMANAT» партиясы ұсынған, 1993 жылы туған, жұмыссыз, Ташниченко Анатолий Анатольевич – Белоусовка кентінің әкімі болып сайланды.