Глубокое ауданының 2024 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Ақпарат

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 35 226,3 млн. теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 130,0% құрады. НКИ-135,3%.

Тау – кен өндіру өнеркәсібінің көлемі 7 578,6 млн.теңгені немесе 92%, НКИ – 93,8%, өңдеу өнеркәсібінің көлемі - 26 191 млн. теңгені немесе 147,9%, НКИ - 168,2%  құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 6 042,8 млн.теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 106%, НКИ - 102,1%  құрады.

Мал шаруашылығы - 6 042,8 млн.теңге немесе 106%. НКИ - 102,1%.

Аудан бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2 781 бірлікті немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,8%  құрайды (2 760 бірлік).

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 17 141,7 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 2,1 есе жоғары, НКИ – 200,8%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 4 466,7 млн.теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 113,1%,  НКИ -106,1% құрады.

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыссыздар саны 768 адамды құрады.

Есепті кезеңде 501 жаңа жұмыс орны құрылды.

586 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 159 адам тартылды (жоспар 190 адам), жастар практикасына 5 адам (жоспар 29 адам), әлеуметтік жұмыс орындарына 14 адам (жоспар 24 адам), бірінші жұмыс орны жобасына - 5 адам (жоспар 13 адам), Күміс жас жобасы бойынша 35 адам жұмысқа орналастырылды (жоспар 30 адам).

Кәсіптік оқытуға 65 адамды жіберу жоспарлануда.

2024 жылы 10 адамға грант беру жоспарлануда.

Жұмыс күші артық өңірлерден 40 адамды көшіру жоспарланған, оның 23-і қандастар. 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 13 отбасы 39 адам квотадан өтті. Көшуге субсидиялар жалпы сомасы 5,9 млн. теңгені құрайтын 23 қандас алды.

2024 жылы жаңа әлеуметтік саясатты енгізу және аса мұқтаж азаматтарға көрсетілетін көмектің атаулылығын күшейту бойынша жұмыс жалғасуда. 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар 79 отбасы, 365 алушы болды, оның ішінде 238 бала, оның ішінде 26 көпбалалы отбасы 167 алушы, 119 бала. Көмек 17,7 млн. теңге сомасына төленді.

Ағымдағы жылы жөндеу-құрылыс жұмыстарына барлық деңгейдегі бюджеттер есебінен 119 жобаны іске асыруға 7 млрд. теңгеден астам қаражат қарастырылған (2023 жылы  8 млрд.теңгеге -123 жоба, 2024 жылы 7,4 млрд. теңгеге -119 жоба).

Дата публикации
23 мая 2024