ҚАУЛЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ
2024 жылғы «01» мамыр № 01 Глубокое ауданы
Глубокое ауданы Белоусовка кенті, Быструха және Опытное Поле ауылдық округтері әкімінің сайлауы жөніндегі сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Глубокое аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:1.Кент және ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтері құрылсын: Белоусовка кенті - Белоусовка кентінің шекарасындағы Белоусовка сайлау округі; Опытное Поле ауылдық округі - Опытное Поле ауылының шекарасындағы Опытное Поле сайлау округі; Быструха ауылдық округі - Быструха ауылының, Зимовье ауылының шекарасындағы Быструха сайлау округі. 2. Сайлау округінің тізімі, олардың шекаралары және Глубокое аудандық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Глубокое аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Огни Прииртышья-Ертіс алауы» аудандық газетінде жариялансын.
Глубокое аудандық
сайлау комиссиясының төрайымы К.Сарычева
Глубокое аудандық
сайлау комиссиясының хатшысы Н. Арапова