2024 жылдың қаңтар айындағы Глубокое ауданының
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
ақпарат
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 8 788,4 млн. теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 138,5% құрады. НКИ-162,1%.
Тау – кен өндіру өнеркәсібінің көлемі 1 744,2 млн.теңгені немесе 94,3%, НКИ – 94,9%, өңдеу өнеркәсібінің көлемі - 6 650,4 млн. теңгені немесе 159,4%, НКИ - 211,9% - құрады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1 418,8 млн.теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 110,9%, НКИ -106,9% - құрады.
Мал шаруашылығы - 1418,8 млн.теңге немесе 110,9%. НКИ -106,9%.
Аудан бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2 778 бірлікті немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,6% - құрайды (2 606 бірлік).
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1 650,7 млн.теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 67,4%, НКИ - 65,3% - құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 0,5 млн.теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 0,2%, НКИ - 0,2% - құрады.
2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жұмыссыздар саны 556 адамды құрады.
Есепті кезеңде 153 жаңа жұмыс орны құрылды.
151 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға 50 адам тартылды (жоспар 190 адам), жастар практикасына жоспар 29 адамды құрайды, әлеуметтік жұмыс орындарына 1 адам (жоспар 24 адам), жобаға бірінші жұмыс орнына - 1 адам (жоспар 13 адам), Күміс жас жобасы бойынша 5 адам (жоспар 30 адам)жұмысқа орналастырылды.
Кәсіптік оқытуға 2 адам жіберілді (жоспар 65 адам).
2024 жылы 10 адамға грант беру жоспарлануда.
Жұмыс күші артық өңірлерден 40 адамды көшіру жоспарланған, оның 23-і қандастар.
2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар 72 отбасы, 329 алушы болды, оның ішінде 218 балалар, оның ішінде 24 көпбалалы отбасы 155 алушы, 111 балалар
2024 жылы атаулы көмекті төлеуге барлығы 97,3 млн. теңге қарастырылған (облыстық бюджет – 71,2 млн.теңге, жергілікті бюджет - 26,0 млн. теңге).
Ағымдағы жылы жөндеу-құрылыс жұмыстарына барлық деңгейдегі бюджеттер есебінен 112 жобаны іске асыруға 7 млрд. теңгеден астам қаражат көзделген.