Глубокое ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесін бекіту туралы

 

                                                                                                       ЖОБА ШЕШІМІ

 

 

 

 

 

 

  №______________                                                                              «___»__________2024 жыл    

 

 

 

 

Глубокое ауданы бойынша шетелдіктер үшін

туристік  жарна мөлшерлемесін бекіту туралы

 

 

          Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасының  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу туралы» бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 33110 нөмірімен тіркелген), Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Губокое ауданы бойынша туристердi орналастыру орындарында шетелдiктер үшiн туристiк жарна мөлшерлемесі болу құнының 0 (нөл) пайыз мөлшерiнде бекiтiлсiн. 
  2. Осы шешім  оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Глубокое аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                      А. Калигожин   

 

 

 

         

Дата публикации
02 февраля 2024