Глубокое аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 33/2-V «Глубокое ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

880131301499

Глубокое  ауылы                                                                                                                  село Глубокое

 

 

Глубокое аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 33/2-V «Глубокое ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Глубокое аудандық мәслихатының «Глубокое ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2015 жылғы 25 ақпандағы № 33/2-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3794 болып тіркелген) мынандай өзгерістер енгізілсін:

Глубокое ауданындатұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі:

3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш бергенге дейін өткен тоқсан үшін «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бұйрығымен айқындалған тәртіппен есептейді.»;

5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5. Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлем тарифтерінің жоғарылауына өтемақы төлеу жүзеге асырылады.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы                                                                                ТАӘ

 

Дата публикации
26 января 2024