2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі басталады. Декларацияны заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары (соның ішінде әрекетсіз салық төлеушілер, қызметін тоқтатқан салық төлеушілер) ұсынуға міндетті.