ХАБАРЛАМА
2023 жылғы 03 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданы Кожохово ауылдық округінің әкімінің сайлауы өтті.
Аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссиясының әкімді сайлау қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындысын шығарды:
Кожохово ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша
Кожохово ауылдық округінің әкімі болып Куркумбаев Сұлтан Мухамадиұлы сайланды, 1980 жылы туған, жұмыссыз, Глубокое к. тұрады, «AMANAT» саяси партиясымен ұсынылған.
Глубокое аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 04 желтоқсандағы шешімімен 2023 жылғы 03 желтоқсанда Глубокое ауданының Кожохово ауылдық округінің әкімі болып сайланған Куркумбаев Сұлтан Мухамадиұлы тіркелді.
Глубокое аудандық сайлау комиссиясы