Аудандағы туризмнің дамуы

Туризм – жеке тұлғалардың уақытша болатын елде (жерде) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін не жиырма төрт сағаттан аз уақытқа созылатын, бірақ түнейтін, ақылы қызметпен байланысты емес мақсаттағы саяхаты.

Глубокое ауданымызда келушілерді орналастырумен шұғылданатын 17 орналастыру орындары бар, олар 274 номерге есептелген, сонымен қатар, біржолғы сыйымдылығы 1452төсек-орынды құрайды.  

2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте қызмет көрсетілген келушілердің саны 2021 жылғы кезеңмен қоспағанда 3,6% төмендеді және 28052 адамды құрады. Орналастыру орындарының қызмет көлемі (мейрамханалардың қызметін қоспағанда) есептелік кезеңіне өткен жылмен салыстырғанда 15,6 %-ға көбейіп және 506593мың теңгені құрады.

Орналастыру орындарының түрлері бойынша келушілер саны: бірқабатты бунгало, ауылдық үйлер (шале), коттедждер, кішігірім үйлер және пәтерлерде – 74383 адам, балалар лагерінде – 7471 адам, мейрамханасы жоқ қонақ үйлерде – 32857 адам, мотель – 25 адам.

Курорттық аймақтар бойынша деректер өзін-өзі ұйымдастырған туризмнің есебінсіз орналастыру орындары бойынша келтірілген.

Аудандағы туризмнің дамуы
Дата публикации
21 декабря 2022