- Дархан Медеғалиұлы, жақында Президент Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі жаңа редакцияда қабылданды. Әдеп кодексіне өзгеріс енгізуге не себеп болды?
Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың қаңтар айында Парламент Мәжілісінің отырысындажәне кейіннен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі жиында сөйлеген сөзіндемемлекеттік аппараттың жұмысына жаңаша көзқарас қажет екендігін және мемлекеттік қызмет жүйесі іс жүзінде сервистік сипат алып,клиентке бағдарлануы үшін түбегейлі өзгерісті талап ететінін атап өтті.