Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы бойынша бюджет қаражатын пайдалану және 2021 жылға арналған төлемдерді жүргізудің негізділігі мәселесі бойынша мынадай аудиторлық қорытындыға сәйкес жүргізілген аудиторлық іс-шара:
- 2021 жылғы 06 мамырдағы № 140 аудиторлық қорытынды ("Глубокое ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ аудит объектісі);
- 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 253 аудиторлық есеп ("Глубокое ауданы Кожоховка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ аудит объектісі);
- 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 9 аудиторлық есеп ("Глубокое ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ аудит объектісі);
466 730,9 мың теңгеге бюджет қаражаты қамтылды, 66 328,6 мың теңге сомасында ҚР Бюджет және өзге де заңнамасын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 357,8 мың теңге сомасында шарттардың орындалуын қамтамасыз етудің кепілдік жарналарының қайтарылуға жататын сомасы, 46 398,4 мың теңге сомасында құрылыс материалдарымен орындалған жұмыстардың актілері бойынша жүргізілген төлем, сондай-ақ 19 572,4 мың теңге мөлшерінде негізсіз төленген сома.