Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Верхнеберезовский ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы

ҚАУЛЫ                                                                           ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

2026 жылғы 27 мамыр № 1                                                   Глубокое ауданы

 

 

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Верхнеберезовский ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Глубокое аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Верхнеберезовский ауылының әкімін сайлауы бойынша - Верхнеберезовский ауылының шекарасында Верхнеберезовский сайлау округі құрылсын.
  2. Сайлау округінің тізімі, оның шекаралары және Глубокое аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Глубокое аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Ертіс алауы - Огни Прииртышья» аудандық газетінде жариялансын.

 

 

Төраға                                                                                              К. Сарычева

 

 

Хатшы                                                                                                    Н. Арапова

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Верхнеберезовский ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы
Дата публикации
27 мая 2026