ҚАУЛЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ
2026 жылғы 27 мамыр № 2 Глубокое ауданы
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы
Верхнеберезовский ауылының әкімін
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Глубокое аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Верхнеберезовский ауылының әкімін сайлауы 2026 жылғы 5 шілдеге тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылғы 5 шілдеге тағайындалған Глубокое ауданының Верхнеберезовский ауылының әкімін сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Глубокое аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Ертіс алауы - Огни Прииртышья» газетінде жариялансын.
Төраға К. Сарычева
Хатшы Н. Арапова