Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Халықтың көші-қоны туралы

Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" Заңы негізінде, сондай-ақ осы Заңға байланысты қабылданған қаулылар мен жарлықтар негізінде ауданға қоныс аударған оралмандарды қабылдау, орналастыру және оларға әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау жөнінде белгілі бір жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі таңда Глубокое ауданының аумағында 194 отбасы (908 адам) тұрады. Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағы 474 адам, еңбекке қабілетті жастағы 150 адам тұрақты жұмыс орындарына орналасты, 15 кәсіпкер, 309 өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. "Нұрлы-көш" өңірлік бағдарламасы бойынша 2009-2012 жылдары 65 отбасы қатысты. Курчатов қаласына көші-қон Комитетінің ШҚО бойынша департаменті берген тапсырма бойынша 15 отбасы жіберілді. Бүгінгі күні Курчатов қаласында тұратын 11 отбасы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 4 бала мектепке, 3 бала балабақшаға орналастырылды.
2014 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Новоявленка а. "Нұрлы-көш" өңірлік бағдарламасына қатысуға ниет білдірген отбасылар саны 54 отбасын құрады, 38 отбасы Новоявленка а. көшті.
2014 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 7 оралман ақылы қоғамдық жұмыстарда жұмыс істеді, жұмыспен қамту мәселесі бойынша 6 адам өтініш білдірді, жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде 9 адам тіркелді.
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша Ауыл шаруашылығын дамытуға, монша ашуға, парихмахерскаяны ашуға – 2011 жылы-9 адам, 2012 жылы-17 адам, 2013 жылы-41 адам несие алды.
Оралмандардың жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін 42 жер учаскесі бөлінді, жалпы ауданы 59,5026 га.жыл сайын ауылдық округтерде жазғы кезеңде округ шекарасында көкөніс және картоп отырғызуға жер учаскелері беріледі. Бөлім маманы әлеуметтік көмекке (зейнетақы, мүгедектік, балаларға арналған жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, оралман мәртебесін алуға, сондай-ақ квота және азаматтық алуға құжаттарды ресімдеуге көмек көрсетеді.және т.б.) күн сайын әлеуметтік және заң мәселелерін шешу және түсіндіру бойынша азаматтарды қабылдауды жүргізеді. Шағымдар мен өтініштер бойынша туындаған мәселелерді шешу үшін оралмандардың тұрғылықты жеріне барады.
Бүгінгі таңда оралмандардың жеке аулаларында 300-ден астам ірі қара мал басы бар, 309 отбасыда арнайы техника жинағы бар доңғалақты Қытай тракторлары, жеке аулаларында жеңіл және жүк автомобильдері бар.
Оралмандарды әлеуметтік-мәдени бейімдеу және кіріктіру жұмыстары жалғасуда.

Документы
Новости
Полезные материалы
Халықтың көші-қоны туралы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы