Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Спорт

Дене шынықтыру және спортты дамытудың 2011-2016 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Глубокое аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі Спорттық-бұқаралық іс-шаралар жоспарын әзірледі және бекітті.
Бүгінгі күні ауданда 168 спорт ғимараттары бар, оның ішінде 37 спортзал, 72 спорт алаңы, 32 футбол алаңы, 9 спорт ядросы, 16 хоккей қорабы бар. Мұндай материалдық база 19164 адамды тартуға мүмкіндік береді, бұл қазіргі уақытта шұғылданушылардың 30,3 % құрайды.
Қазіргі уақытта ауданда 56 КФК (дене шынықтыру ұжымдары) құрылды, онда 104 дене шынықтыру және спорт мамандары жұмыс істейді. Ауданда бұқаралық дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша жұмыс аудан әкімінің рейтингісіне енгізілді, сонымен аудандық жарыстарға қатысу және дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын халықты қамту айтарлықтай артты.
Бүгін аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес кешкі және жексенбі күндері спорт залдары мен спорт секцияларының жұмыс кестесі өзгертілді. Дене шынықтыру мұғалімдерімен спорт секцияларында жаңа сабақ кестесі мен спорттық іс-шараларды өткізу құрылды. 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында еркін күрес бойынша, "Алтын шайба", шағын футбол, баскетбол, волейбол және шаңғы жарысы бойынша жарыстар өткізілді.
Глубокое кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы спорттың ойын түрлері бойынша айналысуға үлкен серпін берді.
Ауданда 4 ДШҰ және БЖСМ хоккеймен 120 адам айналысады. Ауданда хоккеймен айналысу үшін Глубокое к. БЖСМ стандартты хоккей қорабы бар, онда 52 адам шұғылданады, сабақтарды 1 штаттық жаттықтырушы, 1 қосымша істеуші өткізеді. Глубокое, Белоусовка, Ушаново, Прапорщиково, Уварово, Черемшанка , Прогресс, Кожохово, Березовка, Предгорное ауылдарында хоккей қораптары жұмыс істейді.
Бөлім аудандық білім беру бөлімімен және балалар-жасөспірімдер спорт мектебімен бірлесіп жұмыс істейді. "Глубокое БЖСМ" КММ ШҚО, Глубокое кентінде орналасқан. Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде келесі материалдық база бар: ДШСК Глубокое к, бокс залы, ЖДД, еркін күрес залы, хоккей қорабымен жертөлесі, Белоусовка кентіндегі, Уварово ауылындағы спорт залы. 10 бөлім жұмыс істейді: футбол, жеңіл атлетика, еркін күрес, шаңғы жарысы, хоккей, баскетбол, армрестлинг, волейбол, бокс, акробатика.
Биылғы жылы дзюдо және қазақша күрес бөлімдері ашуды жоспарлап отырмыз. БЖСМ бөлімшелері Глубокое, Белоусовка кентерінде, Белоусовка, Предгорное, Черемшанка, Прогресс, Уварово, Прапорщиково ауылдарында орналасқан.
Глубокое білім беру бөлімі жыл сайын оқушылар арасында спорттың 17 түрі бойынша 2986 адамды қамтитын спартакиада өткізеді. 29 жалпы білім беретін мектептерде және 2 кәсіптік лицейлерде 82 спорт секциялары жұмыс істейді, онда 2946 оқушы шұғылданады. Аудан оқушылары облыстық және республикалық жарыстарға шықты, мұндай жұмыс жалғасатын болады.
2020 жылы Глубокое ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі 4363 мың теңгеге спорттық құрал-жабдықтар сатып алды.
Сонымен қатар, бұқаралық спорт түрлерін дамытуға бүгінгі таңда өз шешімін талап ететін бірқатар проблемалық міндеттер бар:
Бұқаралық спорт түрлерін дамыту бойынша" Глубокое ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі " ММ негізгі міндеттері:
-Үкімет сағат нәтижесі бойынша "Ел басының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде бұқаралық спортты дамыту жөніндегі шаралар туралы» тақырыбына
- Глубокое ауданының 30% тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту.
- Глубокое кентінде хоккей модульдың құрылысы.
-Жабық бассейн салу.
- ауданның барлық елді мекендерінде шағын футбол алаңдары мен хоккей қораптарының құрылысы.
- БЖСМ бөлімшелерінің ашылуы: қазақша күрес, дзюдо.
- спорт нұсқаушылардың мөлшерлемелерін жаңарту.

Документы
Тізбе
03 июня 2026
Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
Ақпарат
12 февраля 2024
4651510 «Глубокое ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ Іске асыру туралы есеп
Ақпарат
03 марта 2021
Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны туралы ақпарат 1 кв 2020ж
Новости
Полезные материалы
Спорт
Медиагалерея
1
Глубокое ауданының жастар арасындағы мини-футбол біріншілігі Глубокое ауданының 60 жылдығына орай
События
15 августа
17 тамыз-Қазақстандағы спорт күні
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Спортшы тұрғылықты жерін өзгерткен жағдайда оны басқа облысқа ауыстыруға бола ма?

Спортшыны тұрғылықты жерін өзгертуіне байланысты басқа облысқа ауыстыруға болмайды, себебі бұл негіз қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде қарастырылмаған. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 240 бұйрығымен бекітілген «Спорттық резервті даярлау, спорттық жарыстарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының» 25-тармағына сәйкес, спортшының бір спорт ұйымынан екіншісіне ауысуы тек келесі жағдайларда жүзеге асырылады:

  1. Әскери қызметке шақырылуына байланысты;
  2. Білім беру ұйымының күндізгі бөлімінде оқуына байланысты;
  3. Спорттық қызмет туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда;
  4. Тараптардың келісімі бойынша спорттық қызмет туралы шарттың мерзімінен бұрын бұзылуы кезінде.

Осылайша, спортшының тұрғылықты жерін өзгертуі оны басқа облысқа ауыстыруға заңды негіз болып табылмайды.

Мысал:

Егер спортшы отбасылық жағдайына байланысты Шығыс Қазақстан облысынан Астана қаласына қоныс аударса, ол автоматты түрде Астана қаласының спорт ұйымына ауыстырылмайды. Ауысу үшін жоғарыда аталған ресми негіздердің бірі болуы қажет.

Жеке клубтың спорт секциясына қатысу үшін баланың биометриялық сәйкестендіруден өтуін талап ету заңды ма?

Баланың биометриялық сәйкестендіруден өтуі туралы талап заңды, бірақ ата-анасының ерікті келісімі болған жағдайда ғана.

Егер ата-аналар міндетті биометрия көрсетілген шартқа қол қоймаса-талап заңсыз. Егер қол қойылса, бұл келісім болып саналады, бірақ ата-аналар кез келген уақытта келісімді қайтарып алуға құқылы және клуб биометрияны жинауды/өңдеуді тоқтатуға міндетті. Алайда, бұл ретте, егер шартта көзделген болса, клуб қызмет көрсетуді тоқтата алады (бұл ресми түрде заңды болады).

Егер клуб биометрияны келісімшартсыз талап етсе немесе балама ұсынбаса, ата-аналар құқық қорғау органдарына жүгінуге құқылы.

Мысал:

Ата-аналар баланы жеке спорт клубына тіркеді, онда тіркеу кезінде саусақ ізімен сәйкестендіруді ұсынды. Егер ата — аналар жазбаша келісім бермесе-клуб биометрияны талап етуге құқылы емес. Егер келісім берілсе, бірақ кейінірек алынып тасталса, клуб деректерді өңдеуді тоқтатуға міндетті және егер бұл шарт тікелей көрсетілсе, шартты бұзуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында стрэнглифтинг және Со-Киокушинкай каратэ бойынша жарыстарды Қазақстанның ресми спорт жүйесі аясында өткізуге рұқсат етіле ме?

Стрэнглифтинг және Со-Киокушинкай каратэ бойынша жарыстар ресми спорттық жарыстар болып табылмайды. «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 34-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында спорттық іс-шаралар спорт түрлері тізбесіне енгізілген спорт түрлері мен спорттық пәндер бойынша өткізіледі. «Стрэнглифтинг» және «Со-Киокушинкай каратэ» аталған тізімге енгізілмеген.

Бұл келесіні білдіреді:

  1. аталған бағыттар бойынша жарыстар ресми спорттық іс-шаралар ретінде танылмайды;
  2. мұндай жарыстардың нәтижелері ресми спорттық статистикаға енгізілмейді, спорттық разрядтар мен атақтар берілмейді.

Сонымен қатар, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңның 7-бабына сәйкес, дене белсенділігін дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын өткізуге жол беріледі. Сондықтан стрэнглифтинг немесе Со-Киокушинкай каратэ бойынша жарыстарды келесі жағдайда өткізуге болады:

  1. жеке, клубтық немесе әуесқой негізде;
  2. қауіпсіздік және санитарлық нормаларды сақтай отырып;
  3. ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасын алдын ала хабардар ету арқылы.

 

Мысал:

Жекпе-жек өнері клубы Со-Киокушинкай каратэ бойынша ашық турнирді дене шынықтыру-сауықтыру іс-шарасы ретінде өткізе алады, бірақ ол облыс немесе республика чемпионаты ретінде ресми мәртебеге ие болмайды.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы