Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Глубокое ауданының достық үйі " КМҚК»

2008 жылғы 10 қарашада Глубокое ауданының "Достық үйі" КМҚК құру және жарғыны бекіту, сондай-ақ құрылтай құжаттарын әділет органдарында тіркеу туралы қаулы шығарылды.

Глубокое аудандық Достық үйінің қызметі Қазақстан халқының ұлттық бірлігі доктринасында белгіленген мақсаттар мен міндеттерге, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының сессияларында Ел Президенті берген тапсырмаларға қол жеткізуге бағытталған.

Достық үйі жұмысының негізгі бағыты қоғамды шоғырландыру және Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру негізі ретінде қоғамдық тұрақтылықты, ұлтаралық бірлікті нығайту болып табылады.

Глубокое ауданында келісімде 40-қа жуық ұлт өкілдері тұрады.  Сондықтан аудандық «Достық үйі» қызметінің негізгі бағыттарының бірі қоғамдық келісім кеңесінің жұмысы болып табылады, оның негізгі міндеті азаматтық, қоғамдық келісім және қоғамдағы жалпыұлттық бірлік қағидатында Қазақстандық бірегейлікті нығайту және дамыту мақсатында азаматтық қоғам институттарын, саяси және үкіметтік емес ұйымдарды шоғырландыру, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін бірыңғай тәсілдерді әзірлеу болып табылады,  жалпыұлттық патриоттық идеяны іске асыру.

Глубокое ауданында 17 Қоғамдық келісім кеңесі бар.

Достық үйінің жұмысындағы маңызды бағыт Аналар кеңесінің қызметі болып табылады, оның мақсаты отбасы мен аналықты нығайту жолымен қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз етуде Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсатын іске асыруға жәрдемдесу, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды тәрбиелеу болып табылады.

Жаңа міндеттер аясында Аналар кеңесінің рөлі күшейтіледі: өскелең ұрпақты тәрбиелеу, этносаралық келісімді, толерантты қарым-қатынастарды насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және сақтау, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды құрметтеу.

Аналар кеңесі жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша үлкен жұмыс жүргізуде.

Қазақстан халқы Ассамблеясының басым бағыттарының бірі - медиация институтын дамыту.

Қоғамдық келісім кеңестері «Шығыс Қазақстан - жанжалсыз аумақ» жобасының негізгі аудандық үйлестірушілері болып табылады.

Ауыл тұрғындары қоғамдық медиаторларға – өз округінің құрметті тұрғындарына көбірек сене бастады. Ауданда тізілімге сәйкес 30 қоғамдық кәсіби емес медиаторлар бар.

17 округте әкімдік ғимараттарында жанжалдасушы тараптарды қабылдауға, татуластыру және медиативтік рәсімдерді жүргізуге мүмкіндік табылды.

Глубокое кентінде медиация кабинеті жұмыс жасайды. Барлық округтерде азаматтардың өтініштерінің журналдары жүргізіледі.

Ауданның этномәдени бірлестіктері қызметінің негізгі шарты тілдің, тарихтың, рухани және материалдық мәдениеттің, өзін-өзі танудың, менталитеттің, діннің, психологияның, демографияның ортақтығы болып табылады. Ауданда 6 этномәдени бірлестік (орыс, украин, татар, әзірбайжан, неміс, шешен) құрылды, олар өз қызметін ұлттық саясат қағидаттарына сәйкес жүзеге асырады: толеранттылық, келісім, бірлік, ынтымақтастық, достық. Әрбір этномәдени бірлестік құрылған сәттен бастап бірқатар жетістіктерге ие:

               Орыс этномәдени бірлестігі – облыстық мәдениет басқармасының, «Алтай Звеносы» әдеби бірлестігінің грамоталары; Ресей Жазушылар одағы басқармасының Алғыс хаты, «БЕЛОВОДЬЕ» Халықаралық фестивалі, «Казачья стоунушка» және «На Никола Зимний» Казактық фестивальдері, «Алтайдағы Шукшин күндері», «Медовый спас» (Катонқарағай) - дипломанттар.

Әдеби оқуларға қатысу: Анисимов, Гребеншиков, Курдаков-грамоталар мен алғыс хаттар. «Золотой Тургусун» Халықаралық фестивалінің лауреаттары.

2018ж. - облыс әкімдігінің грамоталары, «Товарок» және «Чалдонцев» 3 есептік концерті (Өскемен, Глубокое кенті, Таврия кенті); «Беловодья» фестивалінің, Ермак (Семей) күнінің, казак фестивалінің дипломанттары.

2019 ж. – славян дәстүрлі мәдениетінің фестивалі («Товарки» дайындалып, өткізілді). «Убинские распевы», «Медовый спас» (Риддер) фестивалінің дипломдары. 

2021 ж. - 2 кітап жарық көрді: ЛИТОНЫҢ 100 жылдығына, аймақтық авторлардың өлеңдеріне арналған әндер және ШҚО-ның орыс дәстүрлі мәдениеті.  «Товарки» фольклорлық халық шығармашылық ұжымының 32 әні бар диск жазылды.

Неміс этномәдени бірлестігі – сертификаттар: 2009-2010 ж. Глубокое-аудандық тілді оқыту орталығы: «Қазақ тілінің базалық курсы». Өскеменде-Юнисеф: «БАҚ және балалардың құқықтары». Балалық шақ мәселелерін жариялаудағы этикалық принциптер».

2014 ж. Өскеменде – «Возрождение» ШҚО: «Жастардың әлеуметтік жауапкершілігін дамыту. Байланыс түрлері мен әдістері».

2017 ж. Өскеменде – «Зубр» СҚФ: «Азаматтық бастамалар мектебі: әр түрлі шығу тегі – тең мүмкіндіктер".

2019ж. Өскеменде - неміс тілінің базалық курсы, оқуды жалғастырамын.

2017-2025 жж Мәскеу-Санкт-Петербург - этномәдени білім беру институтының әртүрлі сертификаттары: «Жобалық менеджмент», «Карантин жағдайындағы жобалармен жұмыс», «Балалармен жұмыстағы этномәдени компонент», «Жастармен жұмыстағы этномәдени компонент», «Ресей немістерінің тарихы», «Азаматтарды әлеуметтік оңалту» - диплом қосымша білім беру. Ұжымдардың дипломдары: «Облыстық Халық музыкасы фестивалі», Алматы және Нұр-сұлтан қалаларындағы «Wirsindzusammen» неміс мәдениетінің республикалық фестивальдері, Германиядағы «liederfestival-2019» неміс шығармашылық фестивалі – Юлия Юрочкина, облыстық фестивальдерге қатысқаны үшін грамоталар.

Татар этномәдени бірлестігі - Глубокое ауданы әкімінің жастарды патриоттық тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғысы; ЮнусАхметзяновқа арналған аспаздық шеберлік байқауында 2 орын алған дипломы; Глубокое ауданы әкімінің қоғамдық-саяси тұрақтылықты орнатудағы, достық пен келісімді нығайтудағы белсенді ұстанымы үшін Алғыс хаты.

Әзірбайжан этномәдени бірлестігі - жыл сайынғы фестивальдерге, шығармашылық есептерге және басқа да іс-шараларға қатысу. Әзербайжан этномәдени бірлестігінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының атынан «Мейірімділік караваны» республикалық іс-шарасында қатысқан, « Жомарт жан» номинациясы бойынша үздік деп танылды. Қоғамға қосқан үлесі - Қазақстан халқы Ассамблеясының медалімен марапатталған. Бұл марапат оның игі істеріне лайықты баға және бәрімізге үлгі болып табылады. 

Украин этномәдени бірлестігі - жыл сайынғы фестивальдерге, шығармашылық есептерге және басқа да іс-шараларға қатысу. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Халықтар Достығы» аудандық фестивалінде 2 орын алғаны үшін Грамота; Достық фестиваліне қатысқаны үшін 2 дәрежелі Диплом; «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» жобасы шеңберінде украин мәдени фестиваліне қатысқаны үшін Сертификат; Глубокое ауданы әкімінің қоғамдық-саяси тұрақтылықты орнатудағы, достық пен келісімді нығайтудағы белсенді ұстанымы үшін алғыс хаты, Глубокое ауданы әкімінің «Ұлы дала сазы» түркі халықтары фестиваліне қатысқаны үшін Алғыс хаты.

Шешен этномәдени бірлестігі

2009 жылы құрылған, Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Поповича 3а

бірлестік мәртебесі, аудандық этномәдени бірлестік туралы мәліметтер:

Негізгі бағыттары: жастардың санасында этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлік қағидаттарын қалыптастыру. Белсенділер шешен этносының дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтайды, этномәдени бірлестік аудан мен облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысады. Глубокое ауданының шешен этномәдени бірлестігінің басшысы Злата Хваже-Баудиевна Дурсаевадан: «Әділ Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму" ұранымен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXXII сессиясы туралы пікір жарияланды.

Шешен этномәдени бірлестігі «Қазақ әдебиетнің тарланы» челленджіне қатысу, Магомадов Тимур;

«Ертіс концерт» орталық мәдениет сарайында «Туған жер - алтын бесігім» жобасы аясында Глубокое ауданының гала концерті өтті. «Достық үйі» мектеп жанынан құрылған Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясымен бірлесіп, Алтынсарин Өскемен қаласында ұйымдастырылған Глубокое ауданының көрмесіне қатысты. Көрмеге неміс, орыс, украин, әзірбайжан, шешен, татар этномәдени бірлестіктері қойылды. 

ЭКО-ның жоспарлары шетелде тұратын диаспоралармен өзара байланысты нығайтуды, этностардың тарихи отанының мемлекетімен байланысының үздіксіздігін жалғастыру болып табылады, бұл өз кезегінде аудандағы этносаралық қатынастарға оң әсер етеді.

2024 жылдың сәуір айында Глубокое ауданының Достық үйінде «Кел, сөйлесейік» ауызекі клубы ашылды. Оның оқытушысы әдіскер А.О.Яковлева болды. Ол мемлекеттік тілді біледі және қазір клубтың барлық мүшелеріне оны игеруге көмектеседі. Клубтың мақсаты: қазақ тілін еркін оқыту.  Сабақтар аптасына екі рет Уварово ауылында және Глубокое ауылында өткізіледі.

Аудандық Достық Үйі Қоғамдық келісім орталығы бола отырып, өз қызметін рухани келісімді дамытуға, этносаралық тұрақтылыққа бағыттайды, бұл «Рухани Қазына» міндеттерін шешуге мүмкіндік береді: халықтың өз жерінің дәстүрлеріне, тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығы мен құрметін адамгершілік мұраттарға сүйене отырып жаңғырту.

Біздің міндетіміз - тарихи жадыны, өз жерінің мәдени мұрасын, өз халқының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін біріктіру, болашақта қоғамның тиімді дамуын қамтамасыз ете алатын қуатты трансформациялық және жасампаз күшке айналатын қоғамның адамгершілік құндылықтары мен жоғары моральдық рухын сіңіру.

Барлық іс-шаралар жарияланымдарын dostluk_yii_glubokoe_shko Достық үйінің Instagram парақшасынан көруге болады.

Документы
Ақпарат
19 января 2022
Аудан әкімінің сайтына Глубокое ауданының "Достық үйі" КМҚК туралы ақпарат
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы