Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында тіл саясатын жүзеге асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және 2021 жылғы айлық, жылдық жоспарға сәйкес жүйелі жұмыстар атқарды.
2020-2021 оқу жылында оқытуға барлығы 300 адам қамтылды, оның ішінде 230 тыңдаушы мемлекеттік тілге, 70 тыңдаушы ағылшын тіліне оқытылды.
2021 жылдың 13 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын талдау бойынша онлайн кеңес өткізді. Аталған кеңеске мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері басшылары, тіл мамандары, тіл оқыту орталықтарының директорлары мен оқытушылары қатысты. Орталық директоры Ж.М. Идрышева мақала бойынша өз пікірімен бөлісті.
Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді оқытып жүрген оқытушыларға арналған «Ересектерге тіл үйретудің тиімді тәсілдері» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы облыстық онлайн семинар-тренинг өтті. Аталған шараға қала, аудандардағы тілдерді оқыту орталығының әдіскерлері мен ұстаздары қатысты.
Қаңтар айының 27 жұлдызында тілдерді оқыту орталығының директоры Ж.М. Идрышева мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының отырысында 2020 оқу жылында атқарылған жұмыстардың қорытынды есебін беріп, 2021 жылдың жоспарымен таныстырды.
2021 жылдың 1 ақпаны күні Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресурстық тіл орталығы және Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен «Тиімді тәжірибе көпке ортақ» атты онлайн семинар өтті. Семинар барысында Ресурстық тіл орталығының мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, атқарып отырған жұмыстары туралы ақпарат берді. Аталған шараға орталық қызметкерлері қатысты.
2021 жылдың 4 ақпаны күні ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Р.Төлемісова, ШҚ лингвистикалық орталығының директоры Ә.Қалтаева барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, жұмыс барысымен Глубокое ауданының тілдерді оқыту орталығына келіп, ұжымымен кездесу өткізді. Жоспарланған іс-шаралар бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Сонымен қатар, орталық директоры Ж. Идрышева атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытқа жоспарлаған мақсат-міндеттермен таныстырып өтті. Кездесу соңында Әсемгүл Мәдениетқызы орталық қызметкерлеріне шығармашылық табыс тілей отырып, грамоталар мен алғысхаттар тапсырды.
Глубокое ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен М.Мақатаев пен С.Есениннің шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ және орыс тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген әр ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру, әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту мақсатында екі тілді жетік меңгерген жастар арасында аудандық «М.Мақатаев – С.Есенин» оқулары байқауын өткізді. Байқауға 10 үміткер қатысты. Бас жүлдені В.Никифоров жеңіп алды, I орынға
А .Мусабекова, А.Халелова, ІІ орынға Д. Азатқызы, О.Старухина, ІІІ орынға Ш.Артықпай, Д.Шапкина ие болып, грамоталармен марапатталды.
Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналып ұйымдастырылған челленджге орталық тыңдаушылары М.Махтиева және А.Халелова қатысты.
Президент Қ.К. Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласы аясында Шығыс өңіріндегі тілдерді оқыту орталықтары арасында ұйымдастырылған челленджге Глубокое ауданының тілдерді оқыту орталығының ұжымы да қатысты.
2021 жылдың 15 ақпанында Риддер қаласының Тілдерді оқыту орталығы «Ересектерге тілді шет тілі немесе екінші тіл ретінде оқытушы ұстаз лабораториясының өнімдері» тақырыбында облыстық online семинар-тренингін өткізді. Семинарда орталық оқытушылары Г.Мырзагулова және Э.Тебисова «Қашықтан оқыту жағдайында мемлекеттік тілді үйретудің тиімді әдісі ретінде «Графикалық органайзерлерді» қолдану бойынша өздерінің әдістерімен бөлісіп, тәжірибелік сабақ көрсетті.
Жаңылтпаштарды жаңылмай, жылдам айтудан өткен "Жүйрік сөз" челленджіне орталық ұжымы және тыңдаушылары белсене қатысты.
Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай, Глубокое ауданының тілдерді оқыту орталығы ақпан айының 24-25 күндері орталық тыңдаушыларымен санитарлық нормаларды сақтай отырып диктант жазу іс-шарасын өткізді. Шараның басты мақсаты - сөз мәйегін кие тұтқан абыз жыраудың шығармашылығын, рухани бай мұрасын насихаттау болды. Орталық тыңдаушылары біркісідей қатысты.
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Глубокое ауданының тілдерді оқыту орталығы мен Глубокое ауданының Достық Үйі арасында ынмақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Осы меморандум бойынша Глубокое ауданында тұратын 25 этнос өкілі мемлекеттік тілде 3 айлық тілашар курсын оқыды.
2021 жылғы 25 ақпанда ҚР тіл саясатын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру, көптілділікті насихаттау, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру мақсатында «Риддер қаласының тілдерді оқыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен облыстық «Сөз шыңы» ашық онлайн-сайыс өткізілді. Осы шараға Глубокое ауданының тілдерді оқыту орталығының тыңдаушысы, кенттік әкімдіктің бас маман- заңгері Табакаева Анжела Андреевна қатысты. Өз білімін көрсете білген Анжела байқаудың барлық кезеңінен сүрінбей өтіп, 1 орынға ие болды.
Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған "Өнер, білім бәрі де оқуменен табылған" акциясына орталық тыңдаушысы М.Махтиева қатысып, алғыс хатпен марапатталды.
2021 жылғы 05 наурызда ҚР тіл саясатын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Риддер қаласының тілдерді оқыту орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен облыс орталықтарының тіл үйренушілері арасында «Білімді мыңды жығар!» облыстық ашық онлайн-сайыс өткізілді. Аталған сайысқа Глубокое ауданының тілдерді оқыту орталығының тыңдаушысы М.Мақтиева қатысып, «Танысқы», «Айтуға оңай», «Мақал тартыс» атты кезеңдерінде өз білімін жоғары дәрежеде көрсетіп, бас жүлдеге ие болды. Орталық директоры ҚР тіл саясатын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын облыс ауқымында жүзеге асыруға атсалысқаны үшін Риддер қаласы әкімінің орынбасары Д.Дүйсембаевтың алғыс хатын иеленді. Сонымен қатар сайысқа қатысушыны дайындағаны үшін Тілдерді оқыту орталығының оқытушылары Г.М.Мырзагулова, Э.О.Тебисова алғыс хаттармен марапатталды.
Огни прииртышья -Ақбұлақ аудандық газетіне "Латын әліпбиі -өркениет жолы"атты кезекті мақала жарияланды.
Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановқтың туғанына 155 жыл (1866 – 2021) толуына орай әлеуметтік ( Facebook, Instagram) желілеріне бейнеролик және слайдтар салынды.
Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған республикалық «Ұлттық киіммен жұмысқа» челленджін орталық ұжымы да қолдап, қатысты.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы аясында Көктем мерекесінің мазмұнын байытуды тапсырды. Наурыз мейрамы 14-23 наурыз аралығында атап өтіледі. 14 наурыз көрісу күніне байланысты орталық ұжымы құттықтау видеоролигін және көрісу дәстүрін сахналық қойылым түрінде көрсетті.
2021 жылдың 19 наурызы күні Глубокое ауданының тілдерді оқыту орталығы «Наурыз мерекесі» қарсаңында орталықтың А2, В1 деңгейі тыңдаушыларымен ұлттық мәдениетті, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт - дәстүрлерін насихаттау мақсатында «Тұсау кесу» рәсімін өткізді.
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы этнос өкілдері арасында батырлар жырынан үзінді оқуға арналған «Мен қазақша сөйлеймін – 2021» атты дәстүрлі түрде өтетін облыстық акциясын өткізді. Акцияға Глубокое ауданының тілдерді оқыту орталығының тыңдаушылары, "Пчелка" балабақшасының қызметкерлері Копейкина Алена мен Еремина Анастасия қатысып, батырлар жырынан үзінділерді асқан шеберлікпен шабыттана оқып, қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналуына қосқан үлесі үшін дипломмен марапатталды.
Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріне палуан жайлы 10 дерек жазылған слайд салынды.
Тұтас ғұмырын спортқа, күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажымұқан бабамыздың туғанына 150 жыл толуына орай, Глубокое ауданының тілдерді оқыту орталығы 6 сәуірде орталықтың А1,А2,В1 тыңдаушыларымен санитарлық нормаларды сақтай отырып, диктант жазу іс-шарасын өткізді. Шараның басты мақсаты - Қажымұқан Мұңайтпасұлының ерен еңбегін насихаттау болып табылады. Диктант жазуға орталық тыңдаушылары біркісідей қатысты.
2021 жылдың 14 сәуірі күні Семей қаласының тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа әліпби-жаңа дәуір бастауы» атты облыстық дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға облыс бойынша тілдерді оқыту орталықтарының директорлары мен оқытушылары қастысты.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен 2021 жылдың 16 сәуірінде «Қазақ тілін үйретудің заманауи әдіснамасы» тақырыбы аясында Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында тілді оқытудың базалық әдіснамасының негіздері мен әлемдік тәжірибелерді басшылыққа ала отырып, «балабақша – мектеп – колледж – жоғары оқу орындары – магистратура – мемлекеттік құрылымдарда» қазақ тілін деңгейлеп үйрету жүйесінің жаңа жолдарын іздеу, әдіснамасын қалыптастыр мақсатында онлайн режімде әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Қоғамның түрлі саласында қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту жағдайы талданды, Қазақстан Республикасы азаматтарына мемлекеттік тілді деңгейлеп меңгерту жүйесінің стратегиясы мен оны іске асыру тетіктері жайлы мәселер қозғалды. Онлайн бас қосуға орталық қызметкерлері де қатысты.
2021 жылы сәуірдің 21 күні «Курчатов қаласының тілдерді оқыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Әліпби - ұлт болашағының негізі» атты облыстық онлайн алқасөз отырысы өтті. Аталған алқасөз отырысында «Қазақ әліпбиінің шығу тарихы, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы, латын әліпбиіне көшу - игі бастамалардың бірі, жас буында латын әліпбиді ендірудің маңыздылығы» атты тақырыптары бойынша орталық оқытушылары баяндама жасады.Алқасөз отырысына қала, аудан тіл оқыту орталықтарының оқытушылары, әдіскерлері қатысып, өз ойларымен бөлісті.
2021 жылғы 22 сәуірде «Катонқарағай ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы» КММ облыс орталықтарының В1 деңгейі тыңдаушылары арасында қазақ тілінен және А2 деңгейі тыңдаушылары арасында ағылшын тілінен «Оіо.кz» облыстық онлайн интернет олимпиадасын өткізді. Аталған шараға Глубокое ауданының тілдерді оқыту орталығынан 5 тыңдаушы (қазақ тілінен 2, ағылшын тілінен 3 тыңдаушы) қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша ағылшын тілі бойынша Р.Шакиржанов I дәрежелі дипломға, А.Халелова III дәрежелі дипломға ие болды және А.Камалиева алғыс хатпен марапатталды. Қазақ тілі бойынша А.Қотырбаева және А.Шакей III дәрежелі дипломға ие болды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын жүзеге асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Тілдерді оқыту орталығы сәуір айының 28 күні облыс орталықтарының тіл үйренушілері арасында «Quiz» интеллектуалдық ашық online облыстық сайысын өткізді. Сайысқа қала, аудан орталықтарынан 8 үміткер қатысып, жеңімпаздарға грамоталар мен естелік сыйлықтар табысталды. Сайыс өте жоғары деңгейде өтті.
30 сәуірде Глубокое аудандық сот қызметкерлерімен ZOOM платформасы арқылы орталық директоры- тренер Ж.Идрышева латыннегізді жаңа әліпбиді насихаттау бойынша ақпараттық сабақ жүргізді және орталық оқытушысы Г.Мырзагулова орталықтағы мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайы туралы баяндама жасады.
Глубокое ауданының тілдерді оқыту орталығының ұжымы тыл ардагері Проснук Николай Васильевичті 9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен құттықтады.
"Риддер қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ "Қазақ тілі пәнінің үздік оқытушысы-2021" атты ашық облыстық сайысын ұйымдастырды. Аталған байқау 4 кезеңнен құрылды. ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылған online шараға облыс орталықтарынан 7 үміткер қатысып, бақтарын сынады. Облыстық сайыстың қортындысы бойынша Глубокое ауданы «Тілдерді оқыту орталығы» КММ оқытушылары Мырзагулова Гульмира Маметайқызы І-орынға , Тебисова Эльвира Өмірбекқызы ІІ-орынға ие болды.
Глубокое АПБ ЖПҚБ Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы полиция майоры Р.Қ.Кожахметова Глубокое ауданы тілдерді оқыту орталығының ұжымымен әйелдерге қарсы жасалатын қандай бір болмасын зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық тұрмыстық саласындағы құқық бұзушылыққа жол бермеуге бағытталған іс-шаралар, соның ішінде заң талаптарын қатаң сақтауға, олардың салдары мен жауапкершілігі мәселелерін түсіндіру жұмыстары бойынша баяндама жасады.
2021 жылғы 26 мамыр күні Алтай ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен өткізілген Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай тілдерді оқыту орталықтарының В1 (орта деңгей) тыңдаушыларының арасында «Ауыз әдебиетінің алыбы – Жамбыл Жабаев» тақырыбында облыстық мазмұндама жазу байқауының қорытындысы бойынша орталық тыңдаушылары Смағанбетова Алуа Дүйсенғалиқызы- І орын (Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы), ІІІ - орынды Джунусова Айсулу Болатжанова (бос уақытты ұйымдастыру орталығының маманы), Калелова Аяулым Талғатқызы алғыс хатпен марапатталды.
14 маусымда тілдерді оқыту орталығында жазғы лингвистикалық лагерь басталды.
Лагерьде 15 бала ағылшын тілі бойынша білімдерін жетілдіріп, жаңа таныстар табуып, сондай-ақ уақыттарын көңілді өткізді. Аталған лагерь аясында балалар Абай атындағы аудандық Мәдениет үйі жанындағы тарихи-өлкетану мұражайына экскурсияға барып, түрлі мәліметтермен таныс болды.
2021 жылғы 22 маусымда «Риддер қаласының тілдерді оқыту орталығы» КММ барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып «Ересектерге тілді шет тілі немесе екінші тіл ретінде оқытушы ұстаз әдіс-тәсілдерінің жәрмеңкесі» тақырыбында облыстық семинар - тренинг өткізді. Бұл шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту, Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асырудың 2020-2025 ж.ж. арналған мемлекеттік бағдарламасын, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалысын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды. Аталған шарада Глубокое ауданының тілдерді оқыту орталығының директоры Ж.Идрышева қашықтан оқыту жағдайында мемлекеттік тілді үйретудің тиімді әдіс- тәсілдерінде «Графикалық органайзерлерді қолданудың тиімділігі» тақырыбында баяндама жасады және орталық оқытушысы Г. Мырзагулова «Тыңдаушылардың тілін дамытудағы мнемотехника әдісінің маңызы» бойынша мастер-класс көрсетіп, өзінің іс тәжірибесімен бөлісті.
10 тамыз- Абай күніне орай Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен «Абай мұрасы-халық қазынасы» атты облыстық іс- шара онлайн форматта өткізілді. Ұлы Абайдың шығармашылығын ұлықтау, насихаттау мақсатында өткізілген шараға әр ауданның тілдерді оқыту орталықтарының ұжымы мен тыңдаушылары қатысып, ақынның әндерін, қарасөздері мен өлеңдерін орындады. Глубокое ауданынан Махтиева Меруерт аталған шарада Абай атамыздың "Сегіз аяқ" өлеңін қазақтың қасиетті қара домбырасымен әуелетті.
"Тілдер шеруі" айлығы аясында 2021 жылғы 10тамызынан бастап Глубокое ауданы аумағында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарының сақталуын қадағалау бойынша мобильді мониторингтік топ құрылып, кенттер мен ауылдық округтердегі орналасқан бірқатар мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, шағын және орта бизнес және т.б. объектілерге барып, тіл саясатын пайдалану жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР БҒМ Тіл саясаты комитеті Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне байланысты 2021 жылғы 05.08- 05.09 аралығында ұйымдастырған "Мен қазақша сөйлеймін" республикалық акциясына "Глубокое ауданының спорт бөлімі"ММ маманы Евдокимова Яна Сергеевна, "Глубокое ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімінің кітапханашысы Андроненко Татьяна Вивторовна қатысты.
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында "Тілдер шеруі" айлығы аясында тілдерді оқыту орталығы 2021 жылдың 27 тамызы күні орталық тыңдаушыларымен диктант жазу шарасын өткізді.
Қазақстан халқының тілдері күні меркесіне орай орталық тыңдаушылары видео құттықтауларын әлеуметтік ( Facebook, Instagram) желілері арқылы жолдады.
Б.Момышұлының тіл туралы тәсілімдерін әлеуметтік ( Facebook, Instagram) желілеріне жарияланды.
2021 жылдың 8 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті латын графикасындағы қазақ әліпбиінің өзекті мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді. Аталған шараға Глубокое ауданының тілдерді оқыту орталығының ұжымы және өңірдегі барлық тілдерді оқыту орталықтарының мамандары қатысты.
2021жылдың 9 қыркүйегінде Отбасы күніне орай орталық тыңдаушылары "Отбасы-бақыт мекені" тақырыбында диктант жазды.
2021 жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы аясында облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы «Тіл-тәуелсіздігіміздің қуаты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Аталған семинарға тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері қатысты.
2021 жылдың 20 қыркүйегінде Глубокое ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және тілдерді оқыту орталығы бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі аясында ,әуесқой суретшілер арасында «Қазақстан – Ұлы дала елі» тақырыбында аудандық байқау ұйымдастырды. Жеңімпаздар «Глубокое ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысының мақтау грамотасымен марапатталды
Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, ақын, жазушы, фольклоршы, этнограф, қоғам қайраткері, ұлт ұстазы, қазақ балалар әдебиетінің атасы- Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай тілдерді оқыту орталығының тыңдаушыларымен «Дала жұлдызы-Ыбырай Алтынсарин» тақырыбында диктант жазу іс-шарасы өткізілді.
"Тіл-Қазына" ҰҒП орталығы Абай институты жобасы аясында ұйымдастырылған халықаралық деңгейдегі біліктілік арттыру 12 академиялық сағаттық курсқа Глубокое ауданының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Тебисова Эльвира Омирбековна қатысып, сертификатқа ие болды.
Глубокое ауданының тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері 1 қарашада шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерге мемлекеттік тілде қызмет көрсетуге арналған сөздіктер, кітаптар таратып, "Кел, сөйлесіп үйренейік!" тілдер клубына тіл үйренуге шақырды және кәсіпкерлерге арналған сабақтар үш тілде әлеуметтік ( Facebook, Instagram) желілерне әр апта сайын жарияланып тұрады.
2021 жылдың 24 қарашасы күні Тілдерді оқыту орталығы, аудандық орталық кітапхана бірлесіп Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын қорытындылау және Алаш зиялыларының көсемі, тұңғыш қазақ тілтанушы ғалымы, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері, ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мейрейтойының ашылу салтанаты ретінде «Ахмет Байтұрсынұлы-ұлттың рухани көшбасшысы» тақырыбында аудандық конференция өткізді.
2021 жылдың 18 қарашасы күні Бесқарағай ауданының тілдерді оқыту орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай "Тіл және Тәуелсіздік" тақырыбында облыстық деңгейде семинар-тренингі өтті. Семинарға орталық директоры мен оқытушылары қатысты.
Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы 25 қараша күні "Ересектерге латынграфикасындағы әліпбиді үйретуде қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер" атты республикалық әріптестік семинар - тренинг өткізді. Семинарға орталық директоры мен оқытушылары қатысты. 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай орталық оқытушылары кент тұрғындарымен Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне байланысты құрылған викториналық сұрақтар және сөзжұмбақтар жасырып, «Сандар сыр шертеді» ойындарын ойнатып, белсене қатысушыларға шағын сыйлықтар табыстады.
2021 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тілдерді оқыту орталығының оқытушылары кент тұрғындарымен "30 сұрақ , 30 тілек " викторинасын ұйымдастырды.
10-желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға облыс және қалалық, аудандық тілдерді оқыту орталықтарының директорлары қатысып, тіл саласындағы көп жылғы еңбектері үшін алғысхаттармен және номинациялармен марапатталды.
2021 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай орталық тыңдаушыларымен "ТІЛ -ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ" аудандық байқауы өткізілді. Байқауға әкім аппараты, кенттік әкімдік, экономика, құрылыс, жұмыспен қамту, спорт бөлімдері, Абай атындағы мәдениет үйі қызметкерлері қатысып, белсенділік танытты. Шара соңында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының мадақтамасымен марапатталды және сыйлықтар табысталды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай орталық тыңдаушылары "Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы " тақырыбында диктант жазды.
16 желтоқсанда Тілдерді оқыту орталығының оқытушылары кент тұрғындарымен "ТАРИХ БІЛГІРЛЕРІ" атты викторина өткізді. Қызығушылықпен қатысқандарға сыйлықтар табысталды және кент тұрғындары өздерінің жүрекжарды құттықтау тілектерін білдірді.
Барлық өткізілген сабақтар мен іс-шаралар туралы ақпараттар әлеуметтік ( Facebook (Глубокое Тілдерді Оқыту Орталығы) ,
Instagram -( glubokoetilderdi) желілеріне жарияланып тұрады.
«Огни Прииртышья -Ақбұлақ» аудандық газетіне «Кел, қазақша үйренейік!» айдары апта сайын жарияланып тұрады.