
Е. Старенкова 1968 жылы 14 қантарда Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында туған. 1990 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 1990 жылы Қарағанды қ. № 3 орта мектебінде орыс тілі және әдебиеті мұғалімі болып басстады; 1992-1994 жж. Курчатов қ. № 2 орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі; 1994-2000 жж. Курчатов қ. № 2 мектеп- лицей директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары; 2000-2001 жж. Курчатов қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары; 2001 ж. «Курчатов қаласы әкімінің аппараты» ММ ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бастығы; 2004 жж. Курчатов қаласы әкімі аппаратының басшысы; 2004 –2016 жж. Курчатов қаласы әкімінің орынбасары; 2016-2019 жж. «ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ басшысы.
2019 жылғы наурыздан бастап Глубокое ауданы әкімінің орынбасары.