Меню

Страницы

Статья

ШҚО-да Абайдың 180 жылдығына арналған ауқымды мәдени шаралар өтуде

Шығыс Қазақстан облысында ұлы ойшыл, қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай кең көлемді мәдени іс-шаралар өткізілуде. Жыл басынан бері ақын мұрасын дәріптеуге бағытталған 100-ден астам түрлі форматтағы шаралар ұйымдастырылып келеді. Бұл туралы ШҚО Мәдениет басқармасының басшысы Самат Қасенов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді.

2025 жылдың 8 тамызында өзге ұлт өкілдері жастары арасында «Абай оқулары–2025» атты облыстық байқау өтеді. Бұл шара Абай шығармашылығын насихаттаумен қатар, ұлтаралық келісімді нығайтуды көздейді.

9 тамыз күні сағат 10:00-де Өскемен қаласындағы Сол жағалау этносаябағында «Абай мұрасы – мәңгілік мұра» атты кең көлемді мәдени кешен ұйымдастырылады. Іс-шара аясында өңірдің мәдени мекемелері ақынның рухани мұрасын жаңаша қырынан ұсынбақ.

Шығыс Қазақстан өнер музейі «Абай әлемі»көрмесін, А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана «Абай мұрасы — ұлтымыздың рухани қазынасы» атты 100 кітаптан тұратын көрмесін өткізеді. Драма және оперетта театры Абай өмірінен көріністерді сахналайды.

Сәулет-этнографиялық музей-қорығы Абайдың үй-музейіне экскурсиялар, ұлттық тағамдар дастарханы, араб қарпімен каллиграфия, қолөнер көрмесін ұйымдастырады. Ал зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана арнайы киіз үйде Брайль қарпімен кітаптар, цифрлық мұра мен қолжетімді технологияларды ұсынады.

ШҚО балалар мен жасөспірімдер кітапханасы интерактивті ойындар, фотозона, мультимедиалық көрме, инста-квест пен иммерсивті серуен ұйымдастырып, ұлттық ойындарды да өткізеді. ШҚО филармониясы мен ақындар Абай сөзіне жазылған туындылармен концерттік бағдарлама ұсынады.

10 тамыз күні сағат 10:00-де Өскемен қаласы мен барлық қала-аудандарда Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

Сонымен қатар, 2025 жылдың 1–10 тамызы аралығында Абай облысындағы қасиетті Қарауыл елді мекенінде республикалық «Абай мұрасы» этнофестивалі ұйымдастырылады. Шараға ШҚО-дан 25 адамнан тұратын делегация қатысады. Бағдарламада «Абай әлемі» және «Ұлы дала алтыны» көрмелері, «Желсіз түнде жарық ай» концерті, сондай-ақ «Жеті қазына» жобасы аясындағы ұлттық байқаулар жоспарланған.

Ұлы Абайдың рухани мұрасын дәріптеуге арналған бұл тағылымды іс-шараларға барлық азаматтарды белсенді қатысуға шақырамыз.

Дата публикации
01 августа 2025
Дата обновления
01 августа 2025
Тип

Сейчас читают

01 августа 2025
ШҚО-да Абайдың 180 жылдығына арналған ауқымды мәдени шаралар өтуде
18 апреля 2025
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Баяндама
28 мая 2024
«Мерейлі отбасы»

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы