Меню

Страницы

Статья

Мәдениет

  Ушаново ауылдық округінде Ушаново ауылы Спортивная көшесі 1А мекен-жайында орналасқан ауылдық кітапхана бар. Кітапханашы Мұқатаева Меруерт Кокенаевна, жұмыс телефоны – 8 (72331) 52060.

Жұмыс кестесі:

Жұмыс уақыты: 9-00-ден 18-30-ға дейін

Үзіліс 13.00-14.30

Айдың соңғы жұмыс күні - санитарлық күн.

Электрондық поштасы: Bs.ushanovo@mail.ru

Біздің кітапхана – бұл ақпараттық және өлкетану жұмыстарының көп салалы орталығы болып табылады. Кітапхана жұмысының айқындаушы мақсаты пайдаланушының жеке басының өзін-өзі тануына, өзін-өзі жүзеге асыруына, өзін-өзі жетілдіруіне және өзін-өзі анықтауына жағдай жасау. Кітапхананың миссиясы пайдаланушыға ақпараттық және зияткерлік ресурстарға сапалы және тиімді қолжетімділікті қамтамасыз ету, өз елінің және өлкесінің тарихы мен мәдениетінің бастаушысы болу.

Кітапхана қызметінің негізгі міндеттері:

  1. Пайдаланушылардың тасымалдағыштың барлық түрлері бойынша ақпаратқа қол жеткізуіне барынша қолайлы жағдай жасау және оларды ақпаратпен жұмыс істеуге үйрету.
  2. Оқырмандарды кітап оқумен, еліміздің тарихымен және қазіргі өмірімен, көркемдік дәстүрімен араластыру және мәдени-демалыс қызметінің жаңа түрлерін енгізу.
  3. Халықтың, әсіресе жастардың бойында отансүйгіштік, ұлттық мақтаныш, азаматтық сезімдерді дағдыландыру.
  4. Кітапхананың ақпараттық белсенділігін арттыру және халықтың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
  5. Түрлі тақырыптарда мәдени-көпшілік шаралар өткізу.

Округ аумағында Ушаново және Степное ауылдарының Ардагерлер кеңестері (төрайымы Қабдулдинова Қ.Т., Сухорукова Л.С.), Қоғамдық кеңес (төрайымы Соловьева Т.), жергілікті қоғамдастық (30 адам) құрылып, әкімдікпен бірлесе жұмыс істейді. Қарттар күнінде мерекелік концерттер қойылып, шай ішіледі. Мерекелер өткізілді: Наурыз, Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Жеңіс күні және т.б. Мәдениет үйінің (Демалыс орталығының) болмауына байланысты барлық іс-шаралар біздің мектептердің қабырғасында өтеді.

Дата публикации
19 февраля 2024
Дата обновления
19 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

01 августа 2025
ШҚО-да Абайдың 180 жылдығына арналған ауқымды мәдени шаралар өтуде
18 апреля 2025
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Баяндама
28 мая 2024
«Мерейлі отбасы»

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы