Меню

Страницы

Статья

Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету туралы

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – бұл көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі. Мемлекеттік қызметтер көрсету қазіргі заманғы әлеуметтік бағдарланған қоғамның ажырамас бөлігі болып табылады, олардың тізбесі азаматтардың қажеттіліктерінің өсуімен үнемі артып отырады. Соңғы онжылдықта мемлекеттік қызмет көрсету неғұрлым сапалы деңгейге көтерілді, маңызды нормативтік-құқықтық актілер қабылданды, қызметтер тізілімі қалыптастырылды, көбісі электрондық форматқа ауыстырылды, халыққа қызмет көрсету орталықтары құрылды. Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ең танымал қызметтердің қатарына кіреді.

Қолданыстағы тұрғын үйді, гаражды немесе саяжайды орналастыру үшін жер учаскесіне құқықтарды ресімдеу, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер алуға кезекке тұру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Жылжымайтын мүлік» бөлімінде электрондық түрде өтініш беру арқылы мүмкін болады.

Қажетті құжаттар тізбесі және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2020 жылғы № 301 бұйрығымен бекітілген Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларда көрсетілген.

Электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру», «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу», «Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру», «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру», «Жер учаскесін алуға кезекке қою» сияқты қызметтерді алуға болады.

«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», «Жер учаскесінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау», «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату», «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» сияқты өзге де қызметтер қазіргі уақытта автоматтандырылмаған және жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға өтініш беру арқылы қағаз түрінде көрсетіледі.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап жер заңнамасына елеулі өзгерістер енгізілді, оның ішінде Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде орналасқан жер учаскелеріне құқық беру тәртібі өзгертілді. «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтарды алу» қызметі электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталында өтініш беру арқылы сұратылып отырған жер учаскесін бөліп беру схемасын жария кадастрлық картада дербес қалыптастыра отырып көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы өзіне қажетті бос учаскені оның шекараларын жария кадастрлық картаға салу жолымен дербес таңдайды. Бұл картада елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, инженерлік коммуникациялар, су қорғау аймақтары мен белдеулері және жер учаскесін таңдау үшін басқа да қажетті құралдар көрсетілген. Әрі қарай, жеке кабинетте өтініш беруші өзінің өтінішінің мәртебесін және лауазымды тұлғалардың әрекеттерін бақылай алады. Жер учаскесіне құқық беру тікелей беру арқылы (жер заңнамасында көзделген кезде) не Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде жер учаскелерін немесе жалға алу құқығын сату бойынша сауда-саттық (аукциондар) арқылы жүзеге асырылады. «Электрондық үкімет» порталы арқылы берілген өтініш жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша және елді мекеннің бас жоспарына сәйкес пайдалану мүмкіндігін қарастыратын сәулет және қала құрылысы органдарына жіберіледі. Егер учаске заңнамада көзделген нормалар мен талаптарға сәйкес келсе, онда уәкілетті органдар бөлу схемасын жасайды, оның негізінде әкімдіктің жерге құқық беру туралы қаулысы қабылданады. Бастапқы құжат жылжымайтын мүлік объектісінің бірыңғай кадастрлық паспорты болып табылады, ол біріктірілген құжаттар – жерге акт және техникалық паспорт болып табылады. Бұрын берілген құжаттар заңды күшін сақтайтынын және қайта ресімдеуді қажет етпейтінін айта кету керек.

Жер учаскелерін берудің жаңа тетігін енгізу халықтың және бизнестің жер қоры туралы ақпаратқа ашықтығы мен толық қолжетімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Дата публикации
19 февраля 2024
Дата обновления
19 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

01 августа 2025
ШҚО-да Абайдың 180 жылдығына арналған ауқымды мәдени шаралар өтуде
18 апреля 2025
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Баяндама
28 мая 2024
«Мерейлі отбасы»

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы