
Округтегі негізгі сала ауыл шаруашылығы болып табылады. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жердің жалпы алаңы – 10749га құрайды, соның ішінде егіндік жер - 3568, шабындық – 2511, жайылымдық жер - 4670.
Негізгі қала құраушы кәсіпорын «Ушанова-Астана» ЖШС. Директоры Байкубинов Нурлан Қайырдыұлы. 17 адамнан астамы тұрақты жұмыс істейді, сонымен қатар саны 5 адам маусымдық қызметкерлер тартылады. Алқапта күздік бидай, жаздық арпа, рапс, күнбағыс өсіріледі.
2024 жылдың 1 қаңтарында тіркелген - іріқара мал барлығы – 663 бас, қойлар – 449 бас, ешкілер - 111 бас, жылқылар барлығы – 346, шошқалар барлығы – 183, құстар - 2200, ара ұялары - 179.
Ушаново ауылында «Оразаева М.З.» шаруа қожалығы, Степное ауылында мал шаруашылығымен айналысатын «Окасов С.Т.» жұмыс істейді.