
Ушаново ауылдық округінде Ушаново ауылы Спортивная көшесі 1А мекен-жайында орналасқан ауылдық кітапхана бар. Кітапханашы Мұқатаева Меруерт Кокенаевна, жұмыс телефоны – 8 (72331) 52060.
Жұмыс кестесі:
Жұмыс уақыты: 9-00-ден 18-30-ға дейін
Үзіліс 13.00-14.30
Айдың соңғы жұмыс күні - санитарлық күн.
Электрондық поштасы: Bs.ushanovo@mail.ru
Біздің кітапхана – бұл ақпараттық және өлкетану жұмыстарының көп салалы орталығы болып табылады. Кітапхана жұмысының айқындаушы мақсаты пайдаланушының жеке басының өзін-өзі тануына, өзін-өзі жүзеге асыруына, өзін-өзі жетілдіруіне және өзін-өзі анықтауына жағдай жасау. Кітапхананың миссиясы пайдаланушыға ақпараттық және зияткерлік ресурстарға сапалы және тиімді қолжетімділікті қамтамасыз ету, өз елінің және өлкесінің тарихы мен мәдениетінің бастаушысы болу.
Кітапхана қызметінің негізгі міндеттері:
Округ аумағында Ушаново және Степное ауылдарының Ардагерлер кеңестері (төрайымы Қабдулдинова Қ.Т., Сухорукова Л.С.), Қоғамдық кеңес (төрайымы Соловьева Т.), жергілікті қоғамдастық (30 адам) құрылып, әкімдікпен бірлесе жұмыс істейді. Қарттар күнінде мерекелік концерттер қойылып, шай ішіледі. Мерекелер өткізілді: Наурыз, Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Жеңіс күні және т.б. Мәдениет үйінің (Демалыс орталығының) болмауына байланысты барлық іс-шаралар біздің мектептердің қабырғасында өтеді.