
Кәсіпорындар, ұйымдар және округ тұрғындары маңайындағы аумақтарды абаттандыру мен тәртіпке келтіру бойынша сенбіліктерге қатысты. ҚТҚ полигонына тазалау жүргізілді, 20 стихиялық үйінділер жойылды, автобус аялдамалары тәртіпке келтірілді, ағартылды және сырланды. Жол жиегіндегі шөптер шабылды. Сонымен қатар көше жарықтарының маңында орналасқан бұтақтар кесілді. Ушаново және Степное ауылдарының көшелерін жарықтандыруды ағымдағы жөндеу, электр шамдарын ауыстыру, сымдарды ауыстыру, көше жарықтарын уақытша реттеуіш жабдықтарын баптау бойынша жұмыстар жүргізілді.