
Қоғамдық денсаулық - бұл өмір сапасы мен қауіпсіздігінің оңтайлы деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қоршаған орта мен халықтың өмір сүру салтының түрлі факторларының әсеріне негізделген елдің маңызды экономикалық және әлеуметтік әлеуеті.
Қоғамдық денсаулық жағдайы ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторлардың бірі. Адам әлеуетінің физикалық және психикалық денсаулығы елдің жоғары экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылығының көзі болады.
Ушаново ауылдық округтің денсаулық сақтау мекемесі Ушаново ауылындағы дәрігерлік амбулаториямен, Степное ауылындағы фельдшерлік-акушерлік орынмен және Каменный Карьер ауылындағы фельдшерлік орынмен айқындалады.
Дәрігерлік амбулаторияға Степное ауылының ФАП аумақтық тіркелген, Ушаново және Степное ауылдарының 2156 тұрғынына қызмет көрсетіледі. Штаттық саны-13 адам. Санитарлық машина бар. Ушаново дәрігерлік амбулаторияның меңгерушісі Жадранов Азамат Айтпайұлы.
Жұмыс уақытында науқастардың үйлеріне шақыртуларға амбулаторияның орта медициналық қызметкерлерімен қызмет көрсетіледі, түнгі уақытта (жұмыс уақытынан тыс) және мереке күндері Өскемен қаласынан түнгі постынан «жедел жәрдем» машинасы қызмет көрсетеді.