«Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Тархан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметі туралы есеп.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39Н/Қ «Мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Тархан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жеке және заңды тұлғаларға 5 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2025 жылы Тархан ауылдық округі әкімінің аппараты 36 мемлекеттік қызмет көрсетті.
- Электрондық лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 12 болды.
Динамика көрсеткендей, ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру.
Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу.
Бір жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.
Тархан ауылдық округінің әкімі Е.Дегембаева