Глубокое ауданының Малоубинка ауылдық округі Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Көлік байланысы облыс және аудан орталықтарымен Быструха ауылы мен Секисовка ауылы арқылы өтетін Өскемен-Риддер республикалық маңызы бар трассасы бойынша жүзеге асырылады. Облыс орталығынан 62 км қашықтықта, аудан орталығынан 68 км қашықтықта орналасқан. Солтүстігінде жартылай Алтай өлкесімен, батысында Шемонаиха ауданымен шектеседі. Округ 1998 жылы құрылды.
Ауылдық округ құрамына төрт елді мекен кіреді. Олар Малоубинка ауылы, Карагужиха кенті, Волчиха, Маховка қоныстары.
Құрылымдар: мектеп – 1 (ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Малоубинка орта мектебі» КММ), сауда нысандары – 4 (аралас тауарлар дүкені), «Шағын-орталық» - 1, Малоубинка ауылдық мәдениет үйі - 1, кітапхана – 1.
Округ халқының негізгі бағыты: өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы.
| мекен-жайы | ШҚО Глубокое ауданы Малоубинка ауылдық округі Малоубинка ауылы Клиновицкий көшесі 46үй (1-2) |
| телефон | 8(72331)26168 |
| malo_ubaso@mail.ru |


Онлайн қабылдау
Бұл бөлімде сұрақтарыңызды талқылау және мәселелерді шешу үшін сізге жедел байланысуға мүмкіндік беретін ақпарат пен сервистер жинақталған