«Глубокое кенті әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2024 жылғы қызметі туралы есеп

«Глубокое кенті әкімінің аппараты» ММ

мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша

2024 жылғы қызметі туралы есеп

 Қазақстан Республикасының Цифрық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39Н/Қ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Глубокое кенті әкімінің аппараты» ММ жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтің  5 түрі көрсетіледі:

  1. Е-лицензиялау АЖ арқылы беріледі: Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар беру бойынша,
  2. Е-лицензиялау АЖ арқылы беріледі: жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру бойынша,
  3. ХҚКО арқылы және баламалы түрде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы ұсынылады: кент ауылдың жерінен жер учаскесін беру бойынша,
  4. көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы: жер учаскесін жеке меншікке сату бойынша біржолғы немесе бөліп-бөліп беріледі.

          2024 жылы Глубокое кенті әкімінің аппаратымен 810 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 7 заңды тұлғаға.

         - ақпараттық жүйелер арқылы -25;

         - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы балама негізде қағаз нысанда-17.

         - 8 мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды.

 Динамика көрсеткендей, ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Сауда-саттықты (конкурстарды,аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу».

     Аталған кенті маманы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша біліктілікті арттыру курсынан 2024 жылдың ақпан айында өтті.

          Жыл ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ.

 

Глубокое кентінің әкімі                                                                              Р. Асанов

 

 

 

«Глубокое кенті әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2024 жылғы қызметі туралы есеп
Дата публикации
03 апреля 2025