«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 02 тамыздағы қорытындысы негізінде, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Глубокое кенті халқының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:
- Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Глубокое кентінің Советская көшесі Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Глубокое кентінің Шұғыла көшесі болып қайта аталсын.
- Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Глубокое кенті әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оны Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глубокое кенті әкімі Р. Асанов