🌿 Прапорщиково ауылында «Таза Қазақстан» экосенбілігі өтті

🌿 Прапорщиково ауылында «Таза Қазақстан» экосенбілігі өтті

24 қыркүйекте Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектепте «Таза Қазақстан» бастамасы аясында экосенбілік ұйымдастырылды.

Мектептің бірінші ауысымындағы барлық оқушыларға мұғалімдер мен мектеп директоры қосылды. Олар бірлесе еңбек етіп, мектеп аумағын ретке келтірді. Әркім өз үлесін қосқан бұл күн мектеп ауласын көркейтіп қана қоймай, айналамызға қамқорлық жасаудың жақсы үлгісіне айналды.

Таза мектеп ауласы — оны күн сайын көріп жүрген адамдардың ортақ еңбегі! 💚