Черемшанка ауылдық округінде спорт нұсқаушысы Болатқан Әділет ересек тұрғындармен жұмыс жасауда. Бекітілген кесте бойынша волейбол, баскетбол, футбол, бокс және ауыр атлетика бойынша секциялар өткізілуде.
Сондай-ақ ауданда армрестлинг пен шаңғы спортынан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 2 филиалы бар.
Жаттығу орта мектептің спорт залдарында және спорт алаңында өтеді. Оларды халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, жоғары санатты жаттықтырушы Олег Александрович Соколов және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сергей Александрович Соколов жүргізеді.
Шаңғы секциясын Демьян Александрович Исаченко жүргізеді.