Черемшан ауылдық округі әкімінің аппараты электронды және қағаз түрінде 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Сондай-ақ, әкім аппаратында мемлекеттік қызметтерді көрсету және алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған. Электрондық қолтаңбасы бар кез келген тұрғын әкімдікке келіп, өз бетінше немесе әкімдік қызметкерінің көмегімен кез келген мемлекеттік қызметті ала алады, сондай-ақ ЭЦҚ кілті болмаса, оны қашықтан ала алады.