2023 жылдың 03 наурызынан бастап Қазақстан республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемқабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңы (ары қарай – Заң) әрекет ете бастады.
Заң жеке тұлғаларға қарыз мәселесін шешу мақсатында 3 рәсім ұсынады: соттан тыс банкроттық, соттық банкроттық және төлемқабілеттілікті қалпына келтіру рәсімдері.
Соттан тыс банкроттық тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы 1 600 АЕК-тен аспайтын қарыздар бойынша қолданылуы мүмкін.
Рәсім 6 ай жүргізіледі, аяқталғансон борышкердің міндеттері тоқтатылады.
Заң қолданысқа енгізілгеннен бастап 375 азамат 1 499,0 млн.тенге сомасына банкрот деп танылды, 248 азаматқа қатысты рәсім жүргізіліп жатыр.
Соттық банкроттық банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы 1 600 АЕК-ден асатын қарыз бойынша және басқа да берешек түрлері бойынша сомасына қарамастан және мүлік болған жағдайда да қолданылады.
Заң қолданысқа енгізілгеннен бастап соттық банкроттық арқылы 7 азамат 3 391,2 млн.теңгеге банкрот деп танылды.
Төлемқабілеттілікті қалпына келтіру рәсімі сот тәртібімен қарызды төлеу үшін (5 жылға дейн) бөліп төлеу мүмкіндігін қарастырады.
Бұл рәсімнің артықшылығы бұл рәсімнен кейн азамат «банкрот» деген мәртебесін алмайды, сондықтан банкрот үшін көзделген салдар оған қолданылмайды.
Бүгінгі күні бұл рәсім ешкімге қолданылмаған.
Көріп отырғанымыздай Заң нормалары өз аудиториясын тапты. Сонымен қатар тәжирибе кезінде бұл рәсімдерді жеңілдету қажет екені анықталды, соған байланысты 2024 жылғы 19 маусымда бұл Заңға келесі толықтырулар енгізілді.
- төлемқабілеттілікті қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін төлемдер бойынша уақыты өткен қарыз және мүлік болуы міндетті емес;
- соттан тыс банкроттық рәсімін бұдан басқа, жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз (несиелік) шарттары және микрокредит беру туралы шарттары бойынша талап ету құқықтарына ие барлық ұйымдар алдындағы міндеттемелер бойынша қолдануға болады, яғни егер ұйымның тиісті шарттар бойынша талап ету құқықтары болса, оның мәртебесіне (лицензиясынан айырылған, тарату үстінде, тізілімнен шығарылған) және нысанына (коллекторлық агенттік, микроқаржы ұйымы, арнайы қаржы компаниясы және т.б.) қарамастан, борышкер соттан тыс банкроттық рәсімі туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
Борышкер өтініште кредитор туралы, қарыз мөлшері туралы және басқа да құжаттар салудан босатылады;
1 АЕК-тен аз мөлшердегі төлем төлем болып саналмайды, сол сияқты коллекторлық агенттікке берілген келісім шарттар бойынша төлем болмау мерзімі талап ету құқығы берілгенге дейнгі соңғы төлем мерзімінен саналатын болады.
Төлем 12 айдан астам уақыт төленбеген жағдайда қарызды реттеу жүргізу қажет емес.
Осы түзетулер 2024 жылғы 25 тамыздан бастап күшіне енеді.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі басталды, оның шеңберінде 250.00 нысанындағы «Активтер мен міндеттемелер туралы» декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынуға міндетті.
Жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі міндеті әділ салық салуды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету болып табылады.
250.00 нысанындағы «Активтер мен міндеттемелер туралы» декларацияны бір рет – жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген кезде ұсынады. Әрі қарай жыл сайын 270.00 нысанындағы «Кірістер мен мүлік туралы» декларация ұсынылады.
Ағымдағы жылы жалпыға бірдей декларациялаудың I-II кезеңіне қатысушылары 270.00 нысанындағы кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынуға міндетті
2024 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша III кезең шеңберінде кіріс декларациясын ұсынуға міндетті адамдар саны 76,6 мыңды құрайды оның ішінде бүгінгі күнге декларацияны 35,4 мың адам тапсырды, бұл 46% құрайды, ал 41,2 мың адам ұсынбаған.
270.00 нысан бойынша декларацияны (I-II кезеңге қатысушылар) 121,6 мың жеке тұлға ұсынуға міндетті, оның ішінде декларацияны 96,1 мың адам ұсынды, бұл 79% құрайды, 25,5 мың адамдар ұсынбаған.
Декларацияларды «Салық төлеушінің кабинеті», «ҚР электрондық үкіметі» веб-порталдары, «e-SalyqAzamat», «Halyk», «Bank CenterCredit», Kaspi.kz мобилді қосымшалары арқылы ұсынуға болады.
Сондай-ақ азаматтар декларацияны қағаз жеткізгіште почта арқылы, не тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы келу тәртібімен ұсынуға құқылы.
Салық төлеушілер табыс етілген декларацияға талап қоюдың ескіру мерзімі үш жылдың ішінде қателер анықталған жағдайда қосымша декларацияларды ұсыну жолымен түзетулер енгізуге құқылы дебиторлық/кредиторлық берешек жөніндегі мәліметтерді қоспағанда
01.01.2024 ж. бастап Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес декларацияны электронды түрде де, қағаз жеткізгіште де беру үшін бірыңғай мерзім белгіленді – 15 қыркүйектен кешіктірмей.
Бұдан басқа, 01.07.2024 ж. бастап Салық кодексіне ретроспективті түрде өзгерістер енгізілді, оған сәйкес бейрезиденттер активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (СЕН 250.00) ұсынудан 01.01.2023 ж. бастап сондай ақ - коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшылары (қатысушылары) мен акционерлері 01.01.2024 ж. бастап IV кезеңге көшумен босатылды.
Салық төлеушілердің жалпыға бірдей декларациялау бойынша декларацияларды уақтылы табыс ету жөніндегі салық міндеттемелерін орындау мақсатында Мемлекеттік кірістер департаменті соңғы күнге қалдырмай, 250.00, 270.00 нысанды декларацияларды алдын ала тапсыруды ұсынады.
Жыл басынан бері Өскемендегі ХҚКО-лары арқылы 150 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы хабарлады.
Сондай-ақ, қаланың ХҚКО-лары арқылы көрсетілетін ең танымал 3 мемлекеттік қызмет атауы берілді. Осылайша, ЭЦҚ алу қызметі ең сұранысқа ие болды – 42 036, екінші орында – жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу – 14 399, үшінші орында – жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру - 13 465.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ШҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Азамат Рахимжановтың айтуынша, жыл басынан бері №1 ХҚКО арқылы 25 620 мемлекеттік қызмет көрсетілді, №2 ХҚКО 47 177 мемлекеттік қызмет көрсетсе, ал № 3 ХҚКО арқылы 56 323 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Осыған сүйене отырып, қаланың ең көп баратын ХҚКО-сын анықтауға болады. ХҚКО түрлі бағыттар бойынша қызмет көрсетеді – әлеуметтік қамсыздандыру, жер кадастры, жылжымайтын мүлік. Мемлекеттік қызметтерді "ХҚКО" мобильдік қосымшасы арқылы да тапсырыс беруге болады.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтер тізілімінде 1327 түрі бар, мемлекеттік корпорация арқылы 1249 қызмет қолжетімді. Мемлекеттік қызметтердің 94% - ы электронды Үкімет порталы арқылы онлайн режимінде де қолжетімді.
Естеріңізге сала кетейік, тоқсанның соңына дейін кезекші кесте бойынша Қазақстан көшесі, 99/1 мекенжайында орналасқан №2 ХҚКО жұмыс істейді. Ол жұмыс күндері сағат 9:00 – ден 20:00-ге дейін, түскі үзіліссіз, сенбі күндері-9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Қалған ХҚКО – лар әдеттегі кесте бойынша жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді, сенбі, жексенбі-демалыс.
ҚҰРМЕТТІ ГЛУБОКОЕ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ‼️ КӨМІРДІ САТУДА ҚАРБАЛЫСТЫ ТУДЫРМАУ, БАҒАНЫ КӨТЕРУДІ ЖӘНЕ КӨМІРДІ ШЕКТЕУЛІ САТУДЫ БОЛДЫРМАУ ҮШІН, КӨМІРДІ УАҚТЫЛЫ САТЫП АЛЫҢЫЗДАР ЖӘНЕ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА УАҚЫТЫНДА ДАЙЫНДАЛЫҢЫЗДАР.
«ШЕМОНАИХА ОТЫНЫ» ЖШС тұйығы, ПРЕДГОРНОЕ ауылы, ПЕРЕЗЕЗНАЯ көшесі 8а (көмір құны 16050 тг. бір тоннаға) байланыс тел. 87233154565,
«СЕЙКОМ» ЖШС тұйығы, Өскемен қ. Делегатская к-сі 36(көмір құны 15800 тг. бір тоннаға)
байланыс тел. 8707-844-95-12, 8 (7232) 50-23-99
Глубокое ауданында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы жалғасуда. Барлық елді мекендерде күн сайын аумақты жинау және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.
Акция аясында Ертіс өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды.
Бұл акция күздің соңына дейін жалғасады.
Мерекелік күндердегі ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Елорда күніне байланысты 6 шілдекүні орталықтаржұмысістемейді. Дүйсенбікүніяғни 8 шілдедеазаматтарды тек кезекшіХҚКО-лар мен МХҚКО-ларсағат 9:00-ден 13:00-ге дейінқабылдайды.
Айта кетейік, 9 шілдеденбастапбарлықхалыққақызметкөрсетуорталықтарыәдеттегікестеге сай жұмысістейтінболады.
Естеріңізге сала кетейік, орталықтаразаматтардыжұмыскүндерісағат 9:00-ден 18:00-ге дейінқабылдайды. Кезекші ХҚКО дүйсенбіденжұмағадейін 9:00-ден 20:00 аралығындажәнесенбікүні 9:00-ден 13:00-ге дейінжұмысістейді. Кезекшімамандандырылған ХҚКО-лар жұмыскүндерісағат 9:00-ден 18:00-ге аралығында, сенбікүні13:00-ге дейінқызметкөрсетеді.
Орталықтарғакезекті «ХҚКО» және «eGovmobile»қосымшалары, egovkzbot2.0 телеграм-боты, сондай-ақ 1414 нөміріарқылыброндауғаболатынынескерекетейік.
Кезекшіорталықтардыңмекенжайларымен https://t.me/gov4c_resmi/993 сілтемесіне өтіп, таныса аласыз.
Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары кез келген ХҚКО-да жылжымайтын мүлікті тіркеп, сатып алу-сату шартын жасай алады.
ХҚКО мамандарының айтуынша, мәмілені ресімдеу үшін жылжымайтын мүлік иелеріне ХҚКО-ға жүгінген кезде келесі құжаттар қажет: екі данада сатып алу-сату шарты (ХҚКО-да жасалады); жылжымайтын мүліктің техпаспорты; жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар (сатушы ұсынады); жұбайының нотариалды куәландырылған келісімі (екі тарапқа да қатысты).
Айта кетейік, бұл қызмет ақылы. ХҚКО қызметкерлерімен сатып алу-сату шартын жасау кезінде көрсетілетін қызметті алушы тіркеуге қарамастан шартты жасағаны үшін жеке 8500 теңге төлейді. Қызмет көрсету мерзімі құжат тапсырған күнді есепке алмағанда – 1 жұмыс күні.
Бұдан басқа, тұрғын үйлердегі пәтерлерден басқа қызметтің құны жылжымайтын мүлік түрінен өзгереді (мысалы, қойма бөлмелері, паркингтер және т.б.). Жеке үй тіркелген жағдайда құны өзгермейді, бірақ бұл ретте жер учаскесі мен учаске аумағындағы шаруашылық құрылыстары үшін қосымша ақы алынады.
Құрметті шығыс өңірінің тұрғындары! 19 маусымда сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін цифрлық эфирлік телехабар таратудың өшірілетінін хабарлаймыз. Осы уақытта «Өскемен» РТС-да ЦЭТТ таратқыштарының салқындатқыш сұйықтығын ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
Теледидар келесі жерлерде уақытша қол жетімді болмайды:
– Өскемен қ.;
- Глубокое ауданы - Аврора, Белоусовка, Бобровка, Веселое, Глубокое, Кожохово, Комсомольское, Опытное поле, Планидовка, Прапорщиково, Разъезд-226, Степное, Уварово, Ульба- Перевалочная, Ушаново;
- Ұлан ауданы – 17 км, Азовое, Айыртау, Ақтобе, Алмасай, Бестерек, Восточное, Герасимовка, Донское, Қасым Қайсенов (Молодежное), Казачье, Макеевка, Мамай батыр (Васильевка), Мирное, Новая Канайка, Ново-Одесское, Отрадное, Сағыр, Саратовка, Украинка, Уланское.
Келесі телеарналар өшіріледі: QAZAQSTAN, Хабар HD, 24 KZ, BALAPAN, ЕЛ АРНА, Jibek Joly, ABAI TV, Первый канал Евразия, ALTAI, QAZSPORT HD, МИР, Астана, КТК, НТК, Седьмой канал, 31 канал, Alatau, Almaty, ATAMEKEN BUSINESS, МИР 24.
2024 жылдың 15 мамырынан бастап "Мерейлі отбасы" конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады. Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №306 және 2022 жылғы 16 қарашадағы №904 өзгерістермен 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі. Ұлттық байқау адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң имиджін дамытуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурстық құжаттаманы көрсетілген мерзімде мына мекенжайға жіберу қажет : glubokoeovp@gmail.com өтінімдерді қабылдау бойынша жауапты Глубокое ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ф. Б. Шаяхметова, т. 22-480,+7-705-223-69-23