«Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» акционерлік қоғамының өтінішін қарастырып, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19,67,69-баптарын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасын басшылыққа ала отырып:
- «Біріккен Энерго сервистік Компания» акционерлік қоғамына қолданыстағы ӘЖ-0,4 кВ КТПН-404 электр беру әуе желісін реконструкциялау үшін мемлекеттік меншіктегі жер учаскесіне 1 (бір) жыл мерзімге Жария сервитут белгіленсін Солнечное ауылы, ауданы 0,756 га, ШҚО орналасқан, Глубокое ауданы, Бобровка ауылдық округі,Солнечное ауылы, ұзындығы 1,89 км.
- «Біріккен Энерго сервистік Компания» акционерлік қоғамына қолданыстағы ӘЖ-0,4 кВ КТП-16-Б электр беру әуе желісін реконструкциялау үшін мемлекеттік меншіктегі жер учаскесіне 1 (бір) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін, ауданы 2,58 га Бобровка ауылы, ШҚО орналасқан, Глубокое ауданы, Бобровка ауылдық округі, ауыл Бобровка, ұзындығы 6,45 км.
- Жер учаскесін пайдаланғаны үшін ауыртпалықтар белгіленсін: инженерлік коммуникациялардың күзет аймақтарын сақтау, оларды жөндеу және қызмет көрсету үшін кедергісіз қол жеткізу қамтамасыз етe.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.