Есеп

2023 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Бобровка ауылдық округінің аппараты» ММ қызметі туралы есеп

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 05 ақпанда № 19982 болып тіркелген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39Н/Қ бұйрығына сәйкес «Бобровка ауылдық округінің аппараты» ММ, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтің 4 түрі көрсетіледі.

         2023 жылы Бобровка ауылдық округінің аппараты 12 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның 4-сі заңды тұлғаларға.

          - көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс арқылы ақпараттық жүйелер арқылы – 4;

          - көрсетілетін қызметті берушілер қағаз нысанында кеңсе арқылы баламалы негізде көрсеткен, бірақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін-8

          «Электрондық үкімет порталы» арқылы электронды форматта көрсетілген қызметтердің баламалы негізде көрсетілген қызметтер санының үлесі 33,3 %-ды құрады.

Динамика көрсеткендей, ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

- «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»

          Жыл ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ.

 

Мемлекеттік қызмет бойынша есеп 2023 жыл
Дата публикации
29 марта 2024