Қазақстан Республикасының Цифрық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39Н/Қ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Берёзовка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 түрі көрсетіледі.
«Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу».
2024 жылы «Берёзовка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 1 жеке тұлғаға.
- Мемлекеттік корпорация арқылы- 2 «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату»;
– электронды түрде көрсетілген - 1 «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату, Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу».
Динамика көрсеткендей, ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
«Сауда-саттықты (конкурстарды,аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»
Жыл ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзулар болған жоқ.
Березовка ауылдық округінің әкімі Таганбеков Т.К.