Берёзовка ауылдық Мәдениет үйінде түрлі үйірмелер өткізіледі.
Мәдениет үйінде бірінші кезекте - балалардың бос уақытын өткізу. Олар үшін шахмат пен дойбыдан үйірме өтеді. Дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері каратэ жаттығулары өтеді.
Сейсенбі, жұма күні жастар мен ересектердің кешкі демалысы үшін бильярд үйірмесі жұмыс істейді.
Ойын-сауық үйірмесінен басқа Мәдениет үйінде Сысуев Г.Н. эстрадалық үйірме жүргізеді. Балалар келіп, барабанда, гитара ойнауды үйренеді.
Сейсенбі және бейсенбі күндері әйелдермен «Калинушка» вокал үйірмесі өткізіледі.
Сондай-ақ, әр сейсенбі, сәрсенбі , жұма күндері ауыл жастары үшін бодибилдинг үйірмесі жұмыс істейді, онда жастар жаттығады, спортпен шұғылданады.