GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Басқарма туралы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
31 июля 2026
«Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі 2026 жылға арналған жоспар

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі 2026 жылға арналған жоспар

31 июля 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама

Аналитикалық анықтама

17 июля 2026
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау басталады

«Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Тыңдаулар 2026 жылғы 20 шілде күні сағат 15:00-де келесі мекенжайда өтеді: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27.

22 июня 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (СЖТБ) басталғаны туралы хабарландыру

СЖТБ басталғаны туралы хабарландыру

«Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ 01.07.2026 және 31.07.2026 аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (СЖТБ) жүргізілетінін хабарлайды.

СЖТБ басталғаны туралы хабарландыру

16 марта 2026
Алаяқтық әрекеттер туралы ескерту

Соңғы кезде «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ басшылығы ретінде өздерін таныстыратын алаяқтардың жағдайлары тіркелді. Алаяқтар хабарламаларда басқарма басшылығының атын жамылуы немесе әртүрлі сұраныстармен телефон қоңыраулары шалуы мүмкін.


Сондықтан, сізден сақ болуды және мұндай сұраныстарға жауап бермеуді сұраймыз.


Жеке ақпаратты, ақшаны немесе басқа да құпия ақпаратты жария етпеңіз.
Алынған ақпараттың растығын тексеру үшін басқармаға 8 (7232) 40-11-27 телефоны арқылы хабарласа аласыз.


Егер сізге осындай қоңыраулар немесе хабарламалар келіп түссе, дереу байланыс орнатуды тоқтатып, қажет болған жағдайда бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарлауды ұсынамыз.

10 марта 2026
Қай жағдайларда лицензия қайта рәсімделуге жатады?
Лицензияны қайта ресімдеу қажет болатын жағдайлар
1.Заңды тұлғаның атауы немесе ұйымдық-құқықтық нысаны өзгергенде
(мысалы, ЖШС → АҚ).
2.Жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты өзгергенде.
3.Лицензиаттың орналасқан жері (мекенжайы) өзгергенде.
4.Банк деректемелері, БСН/ЖСН немесе лицензияда көрсетілген басқа да тіркеу деректері өзгергенде.
5.Орындайтын жұмыстар немесе көрсетілетін қызмет түрлерінің тізбесі өзгергенде, егер бұл лицензияланатын қызметтің шарттарына әсер етсе.
6.Лицензия жоғалған немесе бүлінген жағдайда (дубликат беріледі, бірақ рәсімдеу тәртібі қайта ресімдеу ретінде жүреді).
7.Кейбір қызмет түрлерінде – басшы ауысқан кезде, егер ол қызметке қойылатын біліктілік талаптарын растайтын болса.
10 марта 2026
Құрылыс салушылар мен тапсырыс берушілерге арналған ақпарат.

Құрылысқа қатысушылардың барлығына (тапсырыс беруші, құрылыс салушы) 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап рұқсат құжаттарын (адамдар жаппай жиналатын объектілер мен биіктігі 28 метрден асатын ғимараттардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды) алу қажеттілігі туралы хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – ТЖМ) адамдар жаппай жиналатын объектілер мен биіктігі 28 метрден асатын ғимараттардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны (бұдан әрі – Сәйкестік туралы қорытынды) пайдалануға қабылдау сатысында ТЖМ-нің аумақтық органдары арқылы беру жөніндегі жаңа функцияны іске асыру шеңберінде осы қорытындыны беру тәртібі мен оның нысанын айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірледі.

Қазіргі уақытта аталған нормативтік құқықтық актілер мүдделі орталық мемлекеттік органдармен келісіліп, қабылдану сатысында.

Жаңа функцияны іске асыру мемлекеттік қызмет түрінде электрондық нысанда «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.

Бұл ретте, мемлекеттік қызметті электрондық нысанда көрсетуге арналған аталған ақпараттық жүйенің техникалық дайындығы 2026 жылғы 1 ақпанда күтілуде.

10 марта 2026
Әкімшілік іс жүргізуді қозғау

«ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ өз қызметін «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы № ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырады, сондай-ақ сәулет- құрылыс бақылауы мен қадағалауы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.                      Аталған заң талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайда, кінәлі тұлғаларға қатысты басқарма тиісті нұсқама бере отырып, әкімшілік ic қағаздарын жүргізеді.
Бұзушылықтар келесі қамтуы мүмкін:                                                                              - Рұқсат беру құжаттарынсыз (бастапқы деректерсіз, жобалау-сметалық құжаттамасыз және сараптаманың оң қорытындысынсыз, авторлық және техникалық қадағалау сарапшыларының құрылысты сүйемелдеуінсіз, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы МСҚБ органдарын хабардар етпей және т. б.) құрылыс салу;                                                - Бекітілген жобадан ауытқу (жобалау- сметалық құжаттаманы және сараптаманың оң қорытындысын түзетпей);                                                                  - Қауіпсіздік және сапа нормаларын бұзу (объектінің қоршауы мен паспортының болмауы, сертификатталмаған құрылыс материалдары мен жабдықтарын қолдану);
Өз бетінше құрылыс (жер учаскесіне/үй жайға тиісті құқықтың болмауы;             - Объектіні пайдалануға қабылдаудың тиісті актісінсіз заңсыз салынған объектіні пайдалану).                                                                                                  Әкімшілік іс жүргізу «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 20-тарауына сәйкес жеке, заңды, лауазымды адамдар мен кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қозғалады.                  Айыппұл мөлшері тартылатын адамның санатына және жасалған құқық бұзушылықтың қайталануына байланысты 10 АЕК-тен 1400 АЕК-ке дейін құрайды.

05 марта 2026
Интернет-алаяқтар белсенділігін арттырды

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы азаматтарды жалған инвестициялық платформаларда, deepfake технологияларын, сондай-ақ бұрын
жоғалған инвестицияларды қайтару бойынша жалған қызметтерді пайдалана отырып, азаматтарды қаржылық алаяқтыққа тарту бойынша интернет алаяқтардың күшейе түсуі туралы ескертеді.
Егер бұрын шабуылдаушылар «Қазатомөнеркәсіптің» фишингтік сайттарын пайдаланса, бүгінгі таңда киберқылмысшылар екінші деңгейлі банктердің, ірі құрылыс фирмаларының жалған инвестициялық
платформаларын жасап, deepfake технологиясының көмегімен танымал тұлғалардың суретін, бейнесін немесе дауысын пайдаланып, азаматтардың ақшасын иелену үшін алаяқтық платформаларды ілгерілетуде.
Сонымен бірге, әлеуметтік желілерде адал емес брокерлерден зардап шеккендерге ақша қаражатын қайтару бойынша қызметтер белсенді түрде жарнамалануда.
Алайда, бұл инвестиция салу нәтижесінде қаражатынан айырылған азаматтарға бағытталған қайталама алаяқтық схема.
Сақ болыңыз!
Ақша қаражатын сақтау үшін мыналар ұсынылады:

  • күмәнді сілтемелер бойынша өтпеу;
  • дербес және банктік деректерді үшінші тұлғаларға бермеу;
  • әлеуметтік желілер, мессенджерлер және жарнамалар арқылы
    таратылатын инвестициялық ұсыныстар туралы ақпаратты, әсіресе жоғары
    әрі кепілдендірілген табыс уәде етілген жағдайларда, мұқият тексеру;
  • алаяқтық белгілері анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына
    дереу хабарласу және банкті хабардар ету ұсынылады.
    Алаяқтар сеніммен ойнайды. Өзіңізді алдауға жол бермеңіз.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

28 января 2026
Басқарманың бюджеттік бағдарламаларын іске асыру туралы есептер

Ашық үкімет сайтында Басқарманың 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын іске асыру туралы есептер орналастырылған

https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3677&budgetId=3848740

https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3677&budgetId=3848813

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы