Коммерциялық көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын бақылау

Коммерциялық көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын бақылау

Басқарма «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңын сақтау мақсатында тұрақты негізде коммерциялық көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысына мониторинг жүргізеді.

Әлеуметтік желілердің мониторингі барысында «ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-мен бірлесіп бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсатсыз тікелей брондау арқылы пәтерлерді сату бойынша жарнама орналастырылатыны анықталды. Аталған факті бойынша Басқарма 8 Тұрғын үй кешені бойынша құрылыс салушылар Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңының талаптарын бұзғаны үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 320-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, атап айтқанда:

- «Crystal» ТК

- «VIVA PARK» ТК

- «Park Line» ТК

- «Renesans» ТК

- «Tumar Towers» ТК

- «Grand Residence» ТК

- «Ray Residence» ТК

- «Мұзтау» ТК

Қазіргі уақытта Өскемен қаласының аумағында үлескерлердің қаражатын тарту үшін «ҚТК» АҚ кепілдігі «Жаным» ТК бойынша ғана бар, «Sparkle Diamond» ТК бойынша кепілдік жағдайы жарияланды.

Салынып жатқан тұрғын үйден тұрғын үй сатып алуды жоспарлаған кезде ақша тартуға тиісті рұқсаттың болуын «КТК» АҚ (homeportal.kz) тұрғын үй порталының сайтында дербес тексеруге болады.