«Үлестік құрылыс»

«Үлестік құрылыс»

Үлестік құрылыс 3 тәсілмен ұйымдастырылатынын хабарлаймыз:

- бірыңғай оператордан кепілдік алу («ҚТК» АҚ кепілдігін алуды талап етеді);

- екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы (ЖАО-ның рұқсаты талап етіледі);

- көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту (ЖАО-ның рұқсаты талап етіледі).

Қазіргі уақытта Өскемен қаласының аумағында үлескерлердің қаражатын тарту үшін «ҚТК» АҚ кепілдігі «Жаным» ТК бойынша ғана бар, «Sparkle Diamond» ТК бойынша кепілдік жағдайы жарияланды.

Бүгінгі күні 7 ұйымға қатысты үлескерлердің қаражатын тартуға тиісті рұқсатсыз құрылыс кезеңінде пәтерлерді брондау үшін әлеуметтік желілерге жарнама орналастырғаны үшін ҚР ӘҚБтК 320-бабы бойынша әкімшілік іс жүргізу қозғалды, атап айтқанда:

- «Royal Finance group» ЖШС

- «CRONUS STROY» ЖШС;

- «Elit Stroy group» ЖШС;

- «Baiterek Invest» ЖШС;

- «MRS Company» ЖШС;

- «DALA SK GROUP» ЖШС;

- «Премиум Строй НС» ЖШС (сотта қаралуда);

 

Салынып жатқан тұрғын үйден тұрғын үй сатып алуды жоспарлаған кезде ақша тартуға тиісті рұқсаттың болуын «КТК» АҚ (homeportal.kz) тұрғын үй порталының сайтында дербес тексеруге болады.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы үлестік құрылыс нысандары бойынша толық ақпарат алу үшін Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27, 1 кіреберіс, 2-қабат мекенжайы бойынша «ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ-не хабарласуға болады.