
Жобалау қызметімен айналысу үшін ІІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары:
- штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және келесі бір мамандану бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы: жобаның бас инженері, жобаның бас сәулетшісі, аға конструтор, жобалаушы жетекші инженер.
- меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) кемінде бір жыл мерзімге жалға алу (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркей отырып) құқығында, еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы.
- Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген кіші түрін орындау үшін қажетті есеп айырысуларды орындауды, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орнатылған бағдарламалық жасақтамасы бар дербес компьютерлерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы.