«Салынған объектілерді қабылдау және пайдалануға беру тәртібіне қойылатын жалпы талаптар».

«Салынған объектілерді қабылдау және пайдалануға беру тәртібіне қойылатын жалпы талаптар».

Бүгінгі тақырып «Салынған объектілерді қабылдау және пайдалануға беру тәртібіне қойылатын жалпы талаптар».

Салынған объектілерді қабылдау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және «Қазақстан Республикасындағы сәулет,қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңымен реттеледі.

Салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру тапсырыс беруші тарапынан бекітілген жобаға толық сәйкестікке және сәйкестік декларациясы, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар болған жағдайда жүзеге асырылады.

Бұл ретте, салынған объектінің толық дайындық дәрежесі құрылыс салу мен рұқсат беру рәсімдерін ұйымдастыру ережелеріне сәйкес болуы тиіс.

Салынған объектіні пайдалануға қабылдау актімен рәсімделіп, қабылдау актісін бекіту тапсырыс беруші тарапынан жүзеге асырылуы керек. Объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылған күн актіні бекіту күні және объектіні пайдалануға беру күні болып есептеледі.

Салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісіне тапсырыс беруші, мердігер(бас мердігер), техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар қол қояды. Бұл декларация сәйкестігіне және орындалған жұмыстардың сапасы туралы қорытындылар негізінде жүзеге асырылады

Объектіні қабылдау және пайдалануға беру кезінде құрылысы аяқталмаған объектілер, сондай-ақ бұзушылықтар мен құрылыс ақаулары болған жағдайда, құрылысқа қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілікке тартылады.