
ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 64-4-бабына сәйкес - Мемлекеттік монополияға жатқызылған сараптамалық қызмет
1) барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы;
2) құрылыс жобаларының (техникалық-экономикалық негіздемелердің, жобалау-сметалық құжаттаманың) ведомстводан тыс кешенді сараптамасы:
- қаржыландыру көздеріне қарамастан, ықтимал қауіпті құрылыс объектілеріне жататын жаңа өндірістік ғимараттар мен құрылысжайларды, сондай-ақ техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі жаңа объектілерді, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларын салу;
- бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен қаржыландырылатын қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу:
- ықтимал қауіпті;
- техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі;
- жауапкершіліктің бірінші деңгейіне жатқызылған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган әзірлеген үлгілік жобалар.
Объектінің жауапкершілік деңгейі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларына сәйкес айқындалады.